Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жетістіктерін көрсетті

23 июля 2021 10:00 • 455 просмотров

Аграрлық ғылым мен бизнес өкілдері органикалық өндіріске арналған «JanaDala/GreenDay 2021» көшпелі көрмесіне қатысты.

Іс-шара биылғы жылдың 14-16 шілдесінде Ақмола облысы Ақкөл ауданы «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтті. Көрмені «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ұйымдастырды.

Дала күні ауыл шаруашылығы саласындағы озық жетістіктерді көрсету, тәжірибе алмасу, отандық және шетелдік аграршылар арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту алаңы болып табылады.

Көрме барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның еншілес компаниялары органикалық егіншілік және АӨК цифрландыру саласындағы жаңа әзірлемелермен таныстырды, дәнді, майлы және жемдік дақылдардың жаңа сорттарын көрсетті.

Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы өнімділік пен сапаның жоғары әлеуеті бар дақылдардың қарқынды сорттарын ұсынды. Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы дәнді және жарма дақылдарының сорттарын ұсынды, ал Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ғалымдары Қазақстанның дәстүрлі дала аймағы үшін перспективті сорттарын ұсынды.

Көрме ауылшаруашылық ғалымдарына фермерлердің шұғыл қажеттіліктері туралы білуге, ауылшаруашылық тауар өндірушілерден кері байланыс алуға және оларды соңғы ғылыми әзірлемелермен жақынырақ таныстыруға көмектеседі.