Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жөндеу жұмыстары жанданды

29 июля 2021 11:00 • 457 просмотров

Қостанай қаласын аралау барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аула аумақтары мен көшелердің жөндеу жұмыстарын тексерді.

Ағымдағы жылы 1,0 млрд.теңге сомасына 65 орамішілік аумақ жөндеумен қамтылды. Жалпы көлемнің 60% жұмыстар орындалды.

-Жөндеу аяқталғаннан кейін аула аумақтары отбасылық демалыс және спортпен шұғылдану үшін неғұрлым ыңғайлы және тартымды болуы тиіс, — деп атап өтті өңір басшысы А.Мұхамбетов.

Сондай-ақ, облыс әкімі қала көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Биыл 3,3 млрд. теңге сомаға 80 көшені жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда. Оның ішінде 15 көшені орташа жөндеу, фрезерлеу әдісімен, 65 көшені ресайклерлеу әдісімен орындау жоспарлануда. Бүгінгі күні облыс орталығының 53 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аралау қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовке жоспарланған жұмыстарды сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.