Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдерімен ауыл шаруашылығы құрылымдарының егін жинау науқанына дайындығы, жұмыс жүргізу технологиясы және жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Ағымдағы жылы жаздық егіс алқабы облыс бойынша 4,7 млн. га құрады. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге облыс шаруашылықтары 25,7 млрд.теңге несие қаражатын, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша 10 млрд. теңге алды.
Облыстың АӨК дамытуға ағымдағы жылы 38,1 млрд.теңге субсидиялар мен бюджеттік кредиттер бөлінді.
Ағымдағы жылы сала үшін ауа райы қолайсыз болды. Егіс кезінде ұзақ уақыт жауын-шашынның, жоғары температураның болмауына байланысты топырақтың жоғарғы қабаты кептіріле бастады, тауар өндірушілер егіс жоспарларына түзетулер енгізуге, егіс алқаптарын, атап айтқанда ұсақ тұқымды майлы дақылдарды қысқартуға мәжбүр болды.
Қолайсыз ауа райы факторларының әсерін төмендету үшін біз тауар өндірушілерге қаржылық қолдау көрсету мүмкіндігін қарастырдық. Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басы үшін азық құнын арзандатуға 1 млрд. 893 млн. теңге субсидия бөлінді.
-Қазіргі кездегі негізгі міндет — егін жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізу, барлық мүмкін шараларды қабылдау және егінді шығынсыз жинау, мал қыстауының табысты жүргізілуін қамтамасыз ету, саладағы тұрақтылықты сақтау,-деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.