Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ынталандыру жұмысы қолға алынды

5 августа 2021 14:00 • 479 просмотров

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.

Штаб отырысы барысында кәсіпорындарда вакцинация жүргізу жөніндегі өз орынбасарын тыңдап, мониторингтік топтардың жұмысын қарастырды. Мәселен, шілде айында мониторинг топтарымен 1 307 рейдтік іс-шара өткізіліп, 146 карантиндік шара бұзушылық анықталды.

Қазіргі уақытта инфекциялық төсектердің жүктемесі 57,9% құрайды, 1 123 адам емделуде. Бүгінгі күні облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 259 500 дозасы және екінші компонентінің 183 250 дозасы жеткізілді. Бірінші компонентпен вакцинациядан 245 742 адам өтті, халықты қамту 48,7% құрайды. Екінші компонентке келетін болсақ, оны вакцинациялауға жататын 170 117 адам немесе халықтың 33,7% алды.

Сонымен қатар, облыстың кейбір кәсіпорындарында вакцинациядан өткен қызметкерлерді ынталандыру шаралары қолданылады. Мысалы, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС вакцинацияланғандар арасында «Сосновый бор»санаторийіне жолдама ойнатылады.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 25 маусымынан 1 тамызына дейін 10 бірлік iPhone 12 ұтыс ойыны жарияланды. Кеше ұтыс ойынының қорытындысы шығарылды. Бүгін тағы да облыс тұрғындары арасында КВИ вакцинасының 1 компонентін ағымдағы жылдың 1 тамызынан 1 қазанына дейін алған 18 жастан бастап ұтыс ойынын жариялаймыз.

Сонымен қатар, құрылтайшылар мен кәсіпорын басшыларына сөз арнаймын. Вакцинациядан өткен қызметкерлерді сыйлықақылар төлеумен, қосымша демалыстар берумен, сондай-ақ, мүмкін, бағалы сыйлықтар берумен көтермелеуді сұраймын. Бұл қалғандарды КВИ — ге қарсы вакцинациядан өтуге ынталандырады.