Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мал азығы – жан азығы

Ғылыми нормалар бойынша елдің мал азығы өндірісін тұқыммен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 300 мың тонна тұқым қажет.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта елімізде азықтық дақылдар бойынша тұқым шаруашылығының 59 субъектісі бар. Алайда, олардың тұқым өндіру мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды. Өткен жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1 мың тоннадан астам азықтық дақылдардың тұқымын сатып алды, дегенмен ғылыми нормалар бойынша елдің азық өндірісін тұқыммен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 300 мың тонна тұқым қажет. Біз егіншілікті әртараптандыру, ғылыми негізделген ауыспалы егісті сақтау процесі азықтық дақылдардың тұқымына тұрақты сұраныс туғызуы тиіс деп жоспарлап отырмыз», — деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар ол пайдаланылатын жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру және олардың шекараларын кеңейту мәлесіне тоқталды. Жайылым айналымын сақтау әрбір жер пайдаланушының тікелей міндеті болып саналады. Бұл жерде мәселе тиісті әдістеменің жоқтығынан бақылау механизміне келіп тіреледі. Бұл қажетті қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

«Пайдаланылатын жайылымдардың шекараларын кеңейту мәселелеріне келетін болсақ, мұнда негізгі проблема — оларды суландыру болып отыр. Жайылымдар туралы айтқанда, олардың жеке қосалқы шаруашылықтарды малмен қамтамасыз ету проблемасын айналып өту мүмкін емес. Бұл проблеманы шешудің қолданыстағы тетіктері бөлінген жерлердің не шығыны жоғары, не елді мекендерден алыс орналасуына байланысты қолайсыз екенін түсіну керек. Бүгінгі таңда бұл – мәселені шешуге кедергі келтіріп отырған негізгі фактор. Осы жағдайдан шығудың бір нұсқасын біз жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясында көріп отырмыз. Бұл жұмысты Үкіметтің Жамбыл облысының тәжірибесін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында және еліміздің басқа өңірлеріндегі кооперация бойынша қолда бар оң мысалдарды негізге ала отырып жүргізетін боламыз», — деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министрлік аталған өңірлерді қолдауға қанша қаражат бөлінгенін баяндады. Өңірлер арасында азық-түлікті белгіленген бағамен өзара жеткізу және зардап шеккен шаруашылықтарға шөп шабу үшін 130 мың гектарға жуық шабындық жер бөлу туралы шарттар мен меморандумдар жасалды.

Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев елдегі жем-шөп дайындау барысы жайында баяндады.

«Биылғы климат жағдайы ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету белгілі бір қиындық туғызды. Жағдайды түзету үшін Үкімет нақты жедел шаралар қабылдап жатыр. Жем-шөп дайындау мәселелері бойынша жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен өңірлерге қаржылай көмек көрсетіліп жатыр. Мәселен, құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына жем-шөп сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеуге Үкімет резервінен 3,8 млрд теңге бөлінді», — деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, Маңғыстау облысына мал азығын дайындау мақсатында қосымша 5,3 млрд теңге бөлу мәселесі шешімін тапты.

«Сонымен қатар, жем-шөп дайындау проблемаларын шешуге жергілікті бюджеттен 9,1 млрд теңге бөлінді. Қосымша тағы 4,5 млрд теңге бөлу күтіліп отыр. Зардап шеккен өңірлдердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелері бойынша қарыздарын ұзарту және қайта қарау туралы шешім жасалып, өтінімдерді қабылдау басталды. Облыстарда азық дайындау көлемін барынша арттыру бойынша шаралар кешені іске асырылып отыр. Өңірлерге мал азығын дайындау мақсатында қосымша 43,1 мың тонна арзандатылғандизель отыны бөлінді», — деді министрдің міндетін атқарушы Е. Қарашөкеев.