Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударады. Мемлекет басшысы Жолдауда білім, ғылым, спорт, еңбек, қолжетімді тұрғын үй сияқты салаларды атап өткен болатын. 4 әлеуметтік бастаманың жарияланғанын да айтып кеткен жөн. Сондықтан да биылғы Жолдау — әлеуметтік бағыттағы жолдау деп есептеймін.
Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударады. Мемлекет басшысы Жолдауда білім, ғылым, спорт, еңбек, қолжетімді тұрғын үй сияқты салаларды атап өткен болатын. 5 әлеуметтік бастаманың жарияланғанын да айтып кеткен жөн. Сондықтан да биылғы Жолдау — әлеуметтік бағыттағы жолдау деп есептеймін.
Президент орта білім беру жүйесінің өткір мәселесі ретінде мектептердегі орын жетіспеушілігін белгіледі. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекет басшысы 2025 жылға дейін 1000 мектепті салуды тапсырды. Осы бағытта өңірімізде қарқынды жұмыс жүргізілуде, мәселен Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында мемлекеттік тілдегі 320 орындық, Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында 1200 орындық, Қарасу ауданының Қарасу ауылында мемлекеттік тілдегі 320 орындық мектептер бой көтерді.
Мемлекет басшысы Жолдауда жастарды жұмыспен қамту мәселесін қозғады. Қасым-Жомарт Тоқаев түлектерді ерте кәсіби бағдарлаудың маңыздылығына және мамандық таңдауда саналылығына назар аударды. Тегін техникалық және кәсіптік білім беру жобасы жалғаса беретіні қуантады, бұл NEET санатындағы жастарға қолжетімді білім алуға мүмкіндік береді.
Президент атап өткендей, қазір біз дамуымыздың шешуші кезеңіне кірудеміз. Біз -жастар, қоғамымыздың ең белсенді бөлігі ретінде, Президенттің барлық бастамаларын қолдаймыз және мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын іске асыруға ықпал етуге дайынбыз.
Сабыр Молдағалиев, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Қостанай облыстық филиалы төрағасының м.а