Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Оңтүстік аудандарды аралады

2 сентября 2021 16:09 • 1 482 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Амангелді ауданы мен Арқалық қаласына барды. Ол оңтүстік өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық дамуды бақылап, құрылыс нысандарымен танысты.

Ол облыстық маңызы бар Әулиекөл-Жалдама (187 шақырым) автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу жөніндегі жұмыс барысын қарап шықты. Жөнделетін жолдың ұзындығы — 207 шақырым. Жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Одан әрі өңір басшысы бірқатар нысандарды аралап, ауданымыздың экономикалық даму мен халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Ауданда «Жол қартасы», «Ауыл — ел бесігі» сияқты мемлекеттік бағдарламалар бойынша жасалып жатқан құрылыстар мен жөнделген жолдарды аралап көрді.

Биылғы жылы ауданымызда cаяхатшы, меценат, «Алтын адам» номинациясының екі мәрте иегері, «Тілеп» қайырымдылық қорының президенті Сапар Ысқақұлының демеушілігімен жаңадан ашылған бассейін ғимаратына барды. Бассейннің көлемі -25м × 8м, ауысымына 24 адамды қабылдай алады. Мердігер – «Костанай ангар строй» ЖШС. Аудандағы ерекше жобаның сызбасын «Костанайпроект» ЖШС құрылыс ұйымы әзірлеген.Бассейн ғимараты барлық заманауи талаптарға сай және сауықтыру мақсатында жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болады. Бассейн ішінде, гардероб, шешінетін бөлме, душ, аяқ ваннасы, жаттығу бөлмелері, сауналар болады. Бассейн күніне 3 ауысым бойынша жұмыс істейтін болады.

–Балалар мен ересектерге арналған жабық бассейн құрылысы былтырғы жылы басталған болатын. Жоба құны — 140 млн теңге. Бұл құрылысты жерлесіміз, белгілі меценат Сапар Ысқақов «Тілеп» қайырымдылық қорынан қаржы бөліп, салып шықты. Барлық стандарттық талапқа сай 8/25 метр болатын бассейн құрылысы ауданымыздағы ерекше нысандардың бірі болады деп есептейміз,-деді аудан әкімі Талғат Карбозов.

–«Тілеп» қайырымдылық қорының Президенті Сапар Ысқақұлына барлық бастамалары үшін оның ішінде мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруда көрсеткен бастамасы үшін алғысымды білдіреміз. Ол кісінің әлемге Қазақстан мәртебесін асқақтаудағы еңбегі зор. Мұндай бастамасы келешек ұрпаққа үлгі-өнеге,-деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Бұдан соң өңір басшысы көпфункционалды туристік кешеннің құрылысын тексерді. Жоба 750 млн. теңгеге жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Туристік кешенде мұражай, қонақ үй, бассейн, кафе, жазғы амфитеатр, мемориал, пирамида, спорт және балалар алаңдары бар. Құрылысты 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, ауданның басқа да бірқатар нысандарын аралады. Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов аудан әкімі Талғат Карбозовқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бұдан Өңір басшысының жұмыс сапары Арқалық қаласында жалғасты. Архимед Мұхамбетов бірінші кезекте «Арқалық Айдар» ЖШС мал шаруашылығы кешеніне барды. Мұнда «Торғай Ет» ЖШС арналған ет өңдеу кешенін шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында қуаттылығы бір мезгілде 5 мың ірі қара мал басын бордақылау алаңын және 2,5 мың басқа асыл тұқымды репродукторды қамтитын мал шаруашылығы кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 3,6 млрд.теңге. 60 тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Кейін Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесінің қайта жаңартылуын тексерді. Бұрын айтылғандай, бұл арқылы Арқалық ЖЭО қатты отынына көшеді. Қаржыландырудың жалпы сомасы 7,4 млрд.теңге құрайды. Нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.

Одан әрі өңір басшысы «Алюминстрой» ЖШС астық өңдеу кешенінің жұмысымен танысты. Мұнда астық өңдеу кешенінің құрылысы жүргізілуде, оның құрамына қуаты 20 мың тонна астық сақтайтын элеватор, қуаты жылына 13,2 мың тонна өнім құрайтын құрама жем зауыты кіреді. Жобаның құны 1,9 млрд. теңге, 56 тұрақты жұмыс орны пайда болады.

Сондай-ақ, жуырда ашылған «Торғай Плаза» СОО-да болды. Нысан осы жылдың мамыр айында ашылды, оған сауда бутиктері мен «Солнечный» супермаркетінің және «Мечта» техника сату дүкендерінің филиалы орналасқан. Сонымен қатар, вакцинация пункті де бар. Жалпы қала бойынша КВИ-ға қарсы вакцинациялауға арналған 7 егу кабинеті жұмыс істейді. Бүгінгі күні Арқалық қаласында бірінші компонентпен 10 887 адам, екінші компонентпен 8637 адам вакцинацияланды.

Сапар соңында облыс әкімі Арқалық қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен «Азия 1» ЖШС және «Елена»ЖК ШҚ алқаптарында кездесті. Кездесу барысында астық жинау компаниясының қазіргі ахуалы талқыланды. Мұнда жаздық егіс 307,620 мың га құрайды.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.