Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қамысты қысқа қамдануда

6 октября 2021 12:30 • 531 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қамысты ауданына барды. Сапар барысында аудандағы иинфрақұрылымдық құрылыс нысандары аралады.

Ол әуелі Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының газ тарату желілерінің құрылыс барысын қарап шықты. Аталмыш жоба құны 306,1 млн.теңгені құрайды. Бұл жұмыс «Өңірлерді 2025 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Газ тарату желілерінің жалпы ұзындығы 14,1 шақырым. Газ құбырына қосу жоспарланған абоненттер саны 460 бірлікі құрап отыр.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Алтынсарин» ЖШС «PETKUS» астық тазалау және сұрыптау бойынша тұқымдық желінің құрылысы мен құрастырылуын қарап шықты. 2022 жылдың наурыз айында «Алтынсарин»  ЖШС кәсіпорны «PETKUS» компаниясының тұқымдық желісін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Құрылғы жобасының құны 600 млн.теңг. Бұл құрылғы астықты сұрыптауға және тазартуға арналған. Тұқымның жобалық қуаты сағатына 20 тонна, тауарлық астық сағатына 50 тонна.

Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қамысты ауданының Газиз Бекмұхамедовке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.