Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық «QazVac» вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының сайтына сілтеме жасап.
Бұдан бұрын «QMDB Halal» стандарты бойынша «QazVac» вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері: наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы; «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы; Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, «OtarBioPharm» биофарцевтикалық зауытында «QazVac» вакцинасын өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.