Қостанай облысының әкімдігінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің «Жасампаздыққа толы жылдар» тұжырымдамасын іске асыру туралы мәселе қаралды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы аясында Қостанай облысында 60-тан астам ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын болады. Олардың кейбіреулері іске қосылды. Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында ішкі саясат басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар туралы толығырақ айтып берді.
-Ағымдағы жылы Қостанай облысында 6329 мәдени-бұқаралық, спорттық, имидждік іс-шара өткізілді. Ел мерейтойына тарту ретінде 63 ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған,-деді ішкі саясат басқармасының басшысы М.Жұрқабаев.
Бұдан әрі жиналыста жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы қаралды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылының негізгі бағыттарының бірі және халықтың сенімі мен қызмет сапасына қанағаттану деңгейіне тікелей әсер етеді.
Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқарамасының басшысы Азамат Кашиева, бүгінде цифрландыру процесі өміріміздің барлық саласын қамтиды және мемлекеттік қызметтердің 90% — дан астамы электрондық түрде көрсетілетінін атап өтті.
Мысалы, ағымдағы жылдың 9 айында облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 6 млн.астам қызмет көрсетілді. 6 млн. 168 мың заңды және жеке тұлғалар электрондық түрде қызмет алды, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 93% — ын құрайды.
Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің ең көп саны — 4 млн.астам қызмет немесе ұсынылғандардан 72%.