НЗМ оқушылары «Туған елге тағзым» жобасы аясында Наурызым қорығының 3D тур жобасын сәтті қорғап шықты. 2021 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзіндік патриоттық жоба – «Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедиция жұмыстарын қорғау өз мәресіне жетті.
Аталған жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған. Биылғы оқу жылында «Туған елге тағзым» жобасы аясында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 11 жоба қорғалды. Жобалардың бірі мектебіміздің 10 сынып оқушылары Айнур Мушанова мен Тимур Шаймерден аймағымызда экотуризмді дамыту мақсатында Наурызым қорығының «Келу орталығына» және табиғатына 3D тур жобасын ұсынды.
Бұл жоба мақсаттары — бiрiншiден, қорыққа көпшiлiктiң назарын аудару, яғни Қазақстанның қорғауға алынған аймақтарының бірі Наурызым қорығының табиғатын әлемнiң кез келген жерiнен виртуалды турде тамашалауға мүмкіндік беру. Екiншiден, елiмiздiгi эко-туризмді дамытуға өз үлестерін қосу. Бұл арқылы қорықтың аумағына қауіп төндірместен қорықтың танымалдылығын арттыру.мҚорық жайлы маңызды ақпаратты беретін келу орталығына бару арқылы адамдар Наурызым қорығының тарихы және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ерекшеліктерімен таныса алады. «Туған өлкем-жұмақ мекен» бағыты бойынша үздік деп танылды. Жобаны жасау мақсатында оқушылар маусым айында Наурызым қорығына саяхат жасап «Келу орталығы» мен территориясында зерттеу жұмысын жүргізді. Оқушыларға Наурызым қорығы директорының орынбасары Зейнелова Мария Александровна эксурсия жүргізіп, құнды ақпараттармен таныстырды.
-Наурызым қорығы еліміздің солтүстік аймағының басты және біртума кереметтерінің бірі. Біз жасаған виртуалды турда оның өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ерекшеліктері мен «Келу орталығы» көрсетілген. Жалпы осы жобадан күтетін нәтижеміз ол Наурызым қорығының басқармасымен байланыса отырып, 3д турды олардың ресми сайтына жүктеуге мүмкіндік алу.Осы жоба арқылы біз туған жерге, елге, табиғатқа деген сүйіспеншілікті дәріптеп, Наурызым қорығындағы эко-туризмді дамыта отырып, туристтердің саның арттыруға үлесімізді қосамыз деген сенімдеміз – деп оқушымыз Айнур Мушанова өз ойымен бөлісті.
-Наурызым қорығы қайталанбас табиғатымен ерекшелетіні сөзсіз. Жеріміздің табиғатын дәріптеу оқушылардың басты мақсаты болды. Осы тақырыпты қолға алған оқушыларымызды қолдап өзім жетекшілік еттім. Алдағы уақытта жобамыздың ауқымын кеңейтеміз деген ойдамын, — дейді жоба жетекшісі, география пәні мұғалімі Муратхан Мурзаханов.
Шынын айтқанда, қорықтың флорасы көздің жауын алады. Жалпы территорияда эндемик ағаштардың 5 түрі бар. Мысалы, Қырғыз қайыңы мен Наурызым қарағайы. Олар қорық аумағының шағын ғана бөлігінде өскен. Әлемнің ешбір жерінде кездестірмейсіз. Оған қоса, Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген Шренк қызғалдақтары мамыр айында гүлдеп, көкжиекке дейін кілем бейнесін береді. Бұл пейзаж Қостанай қаласының эмблемасына қызғалдақ гүлінің салынуына себеп болды.