Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір басшыларының тамыз-қыркүйек айларындағы рейтингінде 3-тұғырдан көрінді. Әкімдер тізімі мен тиесілі талдамаларын «Топ Пресс» ақпараттық порталы жариялады.
«Мұхамбетов облыста өнеркәсіп өндірісі көлемін айтардықтай деңгейге ұлғайта алды – теңгеге шаққанда 1,5 трлн теңге. Өңдеу өнеркәсібі де үлкен қарқынмен дамып келеді, оның ішінде көлік құрастыру саласының табысы мол – облыс экономикасының өсімінің 40%-ін құрады. Аймақтың негізгі капиталына құйылған инвестиция – 226 млрд теңге, — делінеді рейтинг талмадасында.
Облыста KIA, Renault, LADA көліктерін құрастырудың жаңа желілері ашылғаны, инвестициялық құны 12,6 млрд теңгелік заманауи Оқшаулау орталығының бой түзегені сарапыылар назарынан тыс қалмаған. Құйылған инвестициялардың тағы 7 инвестжобаны ашуға, атап айтқанда, Қостанайда және Қарабалық ауданында ет өңдеу кешендерін, Арқалық қаласында бидай өңдеу кешенін салуға мүмкіндік беріп отыр. Құрылыс көлемі де ұлғайып келеді – 449 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Бұл басымдықтар да аймақ басшысының ұпайын еселей түскені сөзсіз.
«2021 жылғы құрғақшылық ауыл шаруашылығына ауыр соққы жасаса да, Қостанай облысының осы саладағы өндірістің жалпы көлемінің өсімі 202 млрд теңгеге жуық сомаға тең болды. Жалпылай алғанда, қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығында 117 мың адам жұмыс істейді. Ет өндірісі 4,8%, сүт өндірісі 2,2%-ке өскен. ІҚМ басы және құс саны көбейіп келеді. 500 бас ІҚМ-ға арналған 2 сүт-тауар фермасы, «Халвай-2» ЖШС базасында жаңа суару жүйелері, «Сарыағаш» ЖШС-де ирригация жүйесі ашылды», — деп түйінделеді сарапшылар шолуы.
Айта кетейік, тізімді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бастап тұр. 2-сатыда – Алматы облысының басшысы Амандық Баталов. Көш соңында – Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова.