Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанай ауданына барды

21 октября 2021 16:23 • 419 просмотров

Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Қостанай ауданына барды. Бірінші кезекте ол Арман ауылындағы су тарату пунктін қарап шықты. Осындай 17 пункт Қостанай ауданының әртүрлі ауылдарында орнатылды.

Осыдан кейін Шеминовка ауылындағы газ тарату желілерінің құрылыс барысымен танысты. Құрылыс Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүргізілуде. Желілердің ұзындығы 12,85 км құрайды, оған 203 абонент қосылған.

Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілген 144,8 млн.теңге сомасына 5 көшенің орташа жөндеуін қарап шықты.

Одан кейін өңір басшысы 3 ауылдың (Майкөл, Шеминовка, Белозерка ауылдары) сумен жабдықтау құрылысының барысымен танысты. Ұзындығы 39,4 км, жобаның құны 570 млн.теңге. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтауды жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Одан әрі ол «Шеминовское» ЖШС мал шаруашылығы кешеніне барды. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы болып табылады. Өндірістік қуаты жылына 3 000 тонна сүт. Өткен жылы 3 398 тонна сүт өндірілді.

Одан кейін Озерное ауылындағы газ тарату желілерінің құрылыс барысымен танысты. Құрылыс Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүргізілуде. Желілердің ұзындығы 25,9 км.жобаның құны 419,8 млн.теңге, оған 500-ге жуық абонент қосылған.

Жиын соңында облыс әкімі «им. К.Маркс». Ауыл шаруашылығы алқаптары барлығы — 29,2 мың га, оның ішінде егістік 19,7 мың га.

Сапар қорытындысы бойынша А.Мұхамбетов Қостанай ауданының әкімі Ж. Таукеновке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.