Санақ аяқталуға 9 күн қалды. Бүгінгі күні облыс бойынша 555 мыңға жуық адам немесе халықтың 64,5%-ы қамтылды, оның ішінде 255 мыңнан астам адам онлайн санақтан өтті. Бұл жұмысқа 1000-нан астам интервьюер тартылған.
Уақыт аз қалды, бірақ санақ қызметкерлеріне кедергі келтіретін фактілер бар. Олар өз жұмысында тұрғындар тарапынан қиындықтарға тап болуда. Тұрғындар сұхбат берушілердің жұмысын елемейді, онлайн-санақ туралы хабарлама нөмірлерін бермейді және әртүрлі жолдармен кедергі келтіреді.
Сіздердің әрқайсыңыз әр 10 жыл сайын өтетін процедураның толық жауапкершілігі мен маңыздылығын түсінуіңіз керек. Халық санағы мемлекеттік басқаруда басты рөл атқарады.
Кезекті санақты өткізу демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ақпараттың кең ауқымын алуға мүмкіндік береді.
Облысымыздың барлық тұрғындарын санақ науқанына белсенді қатысуға шақырамын. Бүгінгі күні облыс бойынша жаппай түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде, сондай-ақ санақтан өтуге болатын 145 нұсқаушы учаске ашылды.
Қызметкерлердің үйге келуін күтпей, нұсқаушы учаскеге келіп, өз деректеріңізді толтыруға шақырамын.
Қостана облысының әкімі А.Мұхамбетов