Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ағарту жұмыстары жүргізіледі

29 октября 2021 15:34 • 602 просмотров

2021 жылдың 28-29 қазан аралығында Қостанай облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланды. Іс-шаралар кешені халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына бағытталған.


Қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шаралар аясында облыс тұрғындары бейбіт қарым-қатынасқа бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат ала алады. Мұның бәрі Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмір сүруі мақсатына бағытталған.


Осыған орай, бірқатар түзеу мекемелері және «тәуекел тобы» санатындағы адамдармен, профилактикалық жұмыс жасау мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылған. Деструктивті діни идеологияға бейім адамдармен жұмыс істеу үшін оқыту семинарларын өткізу жоспарланған.