Бүгін Қостанай қаласында Тобыл өзені арқылы өтетін «Кәріс көпірі» бойынша қозғалыс жартылай ашылды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов көпірдің құрылысымен танысты. Әзірге тек жолдың бір жолағы ғана ашылды. 1 желтоқсаннан бастап, қос кең жолақты көпір тұтастай қолданысқа беріледі.
Бүгінгі күні барлық негізгі жұмыс түрлері аяқталды және сынақтардан сәтті өтті.
Жоба аясында көпірге кіреберісті I техникалық санатқа дейін жеткізу жұмыстары жүргізілді, бүгінгі таңда автокөлік қозғалысына арналған 4 жолақ бар, ал жолдың жүру бөлігінің ені — 15 м, көпірдің ұзындығы-261 м құрайды.
Осылайша Тобыл өзені арқылы өтетін басқа 2 көпірге жүктеме азаяды.
Заречное ауылы мен Тобыл қаласының тұрғындары және облыс орталығы арқылы өтетін жүретін көліктер еліміздің орталық аймағына тезірек жетуге мүмкіндік алды.