Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауылдағы игі істер

3 ноября 2021 17:07 • 500 просмотров

Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы Ирғалиев Қостанай облысына келді. ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Ирғалиев сапар барысында облыста «Ауыл – ел бесігі» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Министр Қостанай облысындағы бірқатар нысандарды аралады. Ол Қамысты ауданының Қамысты, Алтынсарин ауылдарына, Б. Майлин ауданының Тобыл кентіне, Қостанай ауданының Озерное, Шеминовка ауылдарына барды.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ағымдағы жылы 47 жобаны іске асыруға 6 млрд.575 млн. теңге көзделген. Облыс бойынша осы жобалар аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Жоба аясында әрбір ауданда ішкі жолдар жөнделді, әртүрлі ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарында күрделі жөндеу жүргізілді. Екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

2019 жылдан бастап «Ауыл – Ел бесігі» жобасы іске асырыла бастады. Осы уақыт ішінде облыстың 159 мыңнан астам адамы немесе ауыл халқының 44% тұратын 38 ауылына 192 жобаны іске асыруға 14,4 млрд.теңге бағытталды. Сонымен қатар, жаңа нысандар 1429 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауылдағы өмір сапасын жақсартуға, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға және оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізуге бағытталған.

Бұдан басқа, ауылдарды кешенді дамытуға, ауыл тұрғындарының өмірі үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуге мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті бюджет есебінен 100 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталды және жеке инвестициялар есебінен 8 млрд.теңгеден астам қаражат бағытталды.