Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Халықтың 85 пайызы санақтан өтті

4 ноября 2021 10:00 • 427 просмотров

Қостанай облысындағы халық санағының аралық қорытындысын бүгін облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов брифинг барысында мәлім етті.

«Бүгінгі күнде Қостанай облысы халқының 85,6%-ға жуығы немесе 737 634 адам санаққа қатысты, оның ішінде 476 046 адам немесе 55,3%-ы сұхбат алушылардың сұрақтарына офлайн жауап берді, 261588 адам немесе халықтың 30,4%-ы санақтан онлайн өз бетінше өтті»,- деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.

Санаққа ең көп қатысушылар Науырзым ауданында (97,5%), Қостанай (95,8%), Федоров (95,2%), Денисов (94,4%), Жангелдин (94,3%) аудандарында, сондай-ақ Арқалық қаласында (95,7%) байқалады.

Облыста халқының 90%-дан астамы санақтан өткен төрт аудан бар. Олар:Алтынсарин ауданы-90,8%, Рудный қаласы — 90,7%, Ұзынкөл ауданы — 90,1%, Амангелді ауданы — 90,0%.

«Қалған 8 ауданда және қалада санаққа халықтың 85%-дан астамы қатысқан. Қостанайда халықтың 78,7% -ы санақ сұрақтарына жауап берді, оның ішінде 68 мыңнан астамы немесе 27,2%-ы онлайн-санақтан өткен»,- деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.

Облыс әкімінің орынбасары азаматтарды санаққа белсенді түрде қатысуға шақырды. Ерлан Спанов атап өткендей, санақ деректері әлеуметтік-экономикалық, демографиялық мәселелердегі жағдайдың толық көрінісі, дұрыс жоспарлау мен есептеулер үшін маңызды болмақ.