Қостанай қаласында Тобыл өзені арқылы өтетін «Кәріс көпірі» бойынша қозғалыс жартылай ашылды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов көпірдің құрылысымен танысты. Әзірге тек жолдың бір жолағы ғана қолданысқа берілген. 1 желтоқсаннан бастап, қос кең жолақты көпір тұтастай пайдаға жарамақ.
1 қараша күні сағат 12:00-де көпірден үсітмен алғашқы көліктер жүре бастады. Бұл жол байланысы бес айдан астам уақытқа жабық тұрған болатын.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Болат Сейдахметовтың айтуынша, көпір 95 пайызға дайын. Оның бір жағы ашық болса, екінші жағында төсемдерді орнату және тротуарға тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні барлық негізгі жұмыс түрлері аяқталды және сынақтардан сәтті өтті.
Жоба аясында көпірге кіреберісті I техникалық санатқа дейін жеткізу жұмыстары жүргізілді, бүгінгі таңда автокөлік қозғалысына арналған 4 жолақ бар, ал жолдың жүру бөлігінің ені — 15 м, көпірдің ұзындығы-261 м құрайды. Осылайша Тобыл өзені арқылы өтетін басқа 2 көпірге жүктеме азайып отыр. Заречное ауылы мен Тобыл қаласының тұрғындары және облыс орталығы арқылы өтетін жүретін көліктер еліміздің орталық аймағына тезірек жетуге мүмкіндік алды.
— Мұндағы жұмысты аяқтаған соң, бригада дереу қарсы жаққа көшеді. Көпір қараша айының соңында пайдалануға беріледі, — деді Болат Сейдахметов. – Осы уақыт ішінде біз суағарды аяқтауымыз керек, ол екі жерде болады, жарықтандыру – қазір ол 90% дайын. Сонымен қатар, бөгетті нығайту бойынша бетон жұмыстарын аяқтау қажет.
Бүгініг таңда Кәріс көпірінде уақытша полиция қызметкерлері кезекшілік етеді. Белгілер қойылды. Қостанайдан басқа жаққа бара жатқандар әзірге қарсы жолақтардың бірі бойынша жүретін болды.