Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын өткізді.
Отырыс барысында 2020 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылдың өткен кезеңі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жай-күйі туралы мәселе қаралды.
Мемлекеттік қызмет көрсету – әлеуметтік маңызы бар және мемлекеттік органдар қызметіндегі басым бағыт болып табылады.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 6 млн.630 мың қызмет көрсетілген. Электрондық форматта 6 млн.496 мың адам қызмет алды, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 93%-ын құрап отыр.
Айта кету керек, биыл заңнама талаптарын бұзу санының төмендеуі бойынша оң динамика байқалады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірнеше есе артқан.
Бұдан әрі жиналысқа қатысушылар Рудный қаласында полицияның сервистік моделін енгізудегі қанақақты жобасының мәселесін қарады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында бірқатар өңірлерде пилоттық режимде полицияның сервистік моделі іске қосылды, келесі кезең – оны ұлғайту.
–Бұл жұмыстың сәттілігі көп жағдайда барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тартылуына байланысты, олар жаңашылдықтың мәнін түсініп, полицияға көмек көрсетуі керек,-деді аймақ башсысы Архимед Мұхамбетов.
Полицияның сервистік моделі – бұл тәртіп сақшыларының, профилактика субъектілерінің және жұртшылықтың билік органдарына деген сенім деңгейін арттыру мақсатында және қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешу жөніндегі бірлескен қызмет.
–Біздің облыста полицияның сервистік моделінің жобасын енгізу үшін «пилоттық» жоба Рудный қаласының аумағында бастау алады,-деді Қостанай облысы Полиция депратаменті бастығының міндетін атқауршы Қайрат Дүйсембеков.
Сондай-ақ, мал ұрлығының алдын алу және алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мәселесі қаралды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап учаскелік полиция инспекторлары азаматтармен 940 жиынын өткізді, оған 40 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Онда тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу және ұрлықты ашу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірігіп, халық арасында малды міндетті таңбалау, сондай-ақ оның басын есепке алудың инновациялық әдістерін енгізу, «GPS-трэйкер» жүйесін пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбтов атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, жауапты мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәніне тұрақты негізде мониторинг жүргізуді, пилоттық жобаны енгізу нәтижелерін ескере отырып, 2022 жылы облыста полицияның сервистік моделін енгізу бойынша кезең-кезеңмен ауқымды ету үшін қажетті ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдауды, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз мал ауыстыру және ет тасымалдау фактілерін анықтау бойынша облыс жолдарында бірлескен профилактикалық іс-шараларды жандандыруды тапсырды.