Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жасөспірімдер мен жүкті әйелдер де егіледі

5 ноября 2021 10:00 • 627 просмотров

Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірде жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді алдағы уақытта вакциналау туралы айтты.

Бас дәрігер осы айда 12 жастан асқан балаларға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен емізулі аналарға ерікті түрде екпе салына бастайтыны жайында еске салды. Балаларды вакциналау қажеттілігі соңғы бірнеше айда ауру жұқтыру көрсеткіштерінің жоғарылауынан туындап отыр.

«Вакциналау ерікті түрде жүргізіледі, балаларға екпе ата-аналары мен қамқоршыларының келісімімен ғана салынады. Өкінішке қарай, соңғы айларда біз үнемі «қызыл» аймақтамыз, жалпы статистикада жасөспірімдердің ауруға шалдығуының үлесі артып отыр. Егер бұған дейін облыста қаңтар айынан бастап балалардың ауруға шалдығу көрсеткіші 9 пайыз болса, қаңтарда 17 пайыз, ал қазан айында 24,5 пайызға дейін жоғарылаған. Сондықтан балаларды вакциналау қажет болып отыр», – деді Е.Дәулетбаев.

Бас дәрігер балаларға екпе салдыртуға мәжбүрленбейтінін, алайда ведомство қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жағдайға түсіністік танытуын сұрап отырғанын түсіндірді. Бұған дейін Қостанай облысында КВИ-ға қарсы екпені тұрғындардың тек 60 пайызы ғана салғызғаны хабарланған.

Сонымен бірге, ауру жұқтырған балалар мен жүкті әйелдердің саны артып келеді. Қазан айының соңында қауіпті вирустан 443 бала ем алған.