Әр жыл мезгілдерінің өзіне тән қасиеттері бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп, өз сұлулығымен таң қалдырып, тірі жандардың жүрегінен орын алады.
Сол мезгілдердің бірі- алтын күз, табиғатымызды сары жапырақтарымен сәндеп, қоңыр салқын ауа-райымен кеңелтеді. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, молшылықтың, байлықтың, берекенің болатын уақыты. Осындай күз мезгілінің кереметін балаларымызға насихаттау барысында Қостанай қаласындағы, № 61 бөбекжайымызда «Берекелі- Алтын күз!» тақырыбында жеміс-жидектер, көкөністерден жасалған көрме ұйымдастырылды. Табиғи материалдарды пайдалану, қолөнерін жасаудың ең оңай түрі.
Ата-аналар балалармен бірігіп күзгі қолөнер бұйымдарын жасап біздерді таңғалдырды — бұл өте қызықты іске айналды. Сізге бұл жерде тек шыдамдылық, жақсы көңіл-күй мен қиял қажет екен.
А.С.Жанғон, Қостанай қаласы №61 балабақшасының тәрбиешісі