Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кәсіпорын жұмысымен танысты

10 ноября 2021 14:30 • 432 просмотров

Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы кәсіпорнының қызметі бойынша кеңес өткізілді. Оған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов және кәсіпорын басшылары мен қала әкімі қатысты.

«Өркен» ЖШС кәсіпорны – темір кені концентратын өндірумен және темір кенін өндірумен айналысады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 3 360 мың тоннаны құрайды, қызметкерлер саны – 687 адам.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Лисаков қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары 51,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, оның ішінде тау-кен өндіру саласында 39,3 млрд.теңге сомасына өнім шығарылды, өңдеу өнеркәсібінде 10,7 млрд. теңге сомасына өнім алынған.

Ағымдағы жылдың соңына дейін кәсіпорын 866,2 мың тонна темір кені концентратын өндіруді жоспарлап отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетво кәсіпорынды одан әрі дамыту бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ темір кені концентратын өндірудің жоспарланған көлемін жүргізуді тапсырды.