Колонка редактора

11 ноября 2021 10:54 • 594 просмотров

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар!

Бүгін менің бас редактор ретінде қатысуыммен газеттің бірінші нөмірі жарық көріп отыр. Өзімді таныстырып өтейін: Айбарша Суханова, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы еңбек өтілімім он сегіз жыл, он екі жыл қалалық «Рудненский рабочий» газетін басқардым, ал ақпарат құралдары саласындағы жолым Қамысты аудандық газетінен басталған еді.

«Қостанай-Агро» ерекше газет, оның басты мақсаттарының бірі – аграрлық сектордың өзекті мәселелерін жариялау болып табылады. Нан – астың арқауы болғандықтан, аграрлық тақырып барша халықтын назарынан еш уақытта тыс қалмайтыны мәлім емес пе. Бәріңізге белгілі шығар, астық жинаудан рекордт көрсеткенде ауылшаруашылық үшін биік белестер екенін көріп қуанған сәттеріміз көп. Бұл дегеніміз болашақтың бай қуатты екенін байқатады. Қала мен ауыл арасындағы өзіндік көпір бола отырып, «Қостанай-Агро» газеті он жылдан астам облыстағы аграрлық баспасөздің маңдай алды газеті болғандықтан, келешекте түскен жолымыздан таймай, дәстүрлерімізді одан әрі жалғастырамыз деген ойдамыз. Бұл үшін қымбатты оқырмандарымыз да қол үшін беріп, ат салысатындарына кәміл сенеміз! Құрметті оқырмандар, қызықты әңгімелеріңіз, жаңалықтарыңыз болса ортаға салуларыңызды сұраймыз, сұрақтарыңызға да жауап қайтаруға әрқашан дайынбыз. Хабарласып тұрсаңыз нұр үстіне нұр болар еді…

Здравствуйте, дорогие читатели! Сегодня вышел в свет первый номер газеты с моим участием в качестве главного редактора. Разрешите представиться: Айбарша Суханова, трудовой стаж в сфере средств массовой информации – восемнадцать лет, из них двенадцать лет возглавляла городскую газету «Рудненский рабочий», а журналистскую деятельность начинала с камыстинской «районки».

«Костанай-Агро» уникальная в своем роде газета, одной из главных миссий которой является освещение актульных вопросов аграрного сектора. Согласитесь, пока хлеб на столе является главным источником благополучия, аграрная тема была и остается небезразличной для каждого жителя. Наверное, всем знакомо чувство ликования от известия рекордного сбора урожая, а с каким восторгом узнаем о внедрении новых технологий в сельское хозяйство, радуемся другим достижениям. Значит есть благополучное будущее у сельского жителя, а вместе с тем и у нас, горожан!

Являясь своеобразным мостиком между городом и селом, газета «Костанай-Агро» вот уже более десяти лет остается своего рода флагманом аграрной прессы в области и намерена впредь продолжать свои добрые традиции. А приумножить и сохранить их, думаю, поможете нам вы, дорогие читатели! Мы будем ждать от вас интересных рассказов, новостей, поможем найти ответы на интересующие вопросы. Звоните, пишите в редакцию…