Қоғамға қатар теңдік

11 ноября 2021 10:00 • 548 просмотров

Мемлекет дамуының басты көрсеткіштерінің бірі – ерекше қажеттіліктері бар адамдардың проблемаларына деген көзқарасты қалыптастыру. Егер мұндай адамдардың қоғамға кірігуі үшін қолайлы жағдайлар жасалса, онда бұл мемлекетті әлеуметтік дамыған деп айтуға болады. Бірнеше жылдан бері Nur Otan партиясы мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» жобасын іске асырып келеді.        

Жобаның төрт басымдығы тұр:  

1. мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құру;  

2. инклюзивті білім беруді насихаттау, мұнда ең алдымен балалар туралы айтылады;  

3. мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бетінше ақша табуға және өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге көмектесу;    

4. мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы елдің заңнамасын жетілдіру.  

Партиялық жобаны іске асыру аясында мүгедек адамдарға арналған 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта нысандардың қолжетімділік картасы әзірленді.

Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2025 жылға қарай мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылу үлесі 30%-ға дейін артады деп жоспарлануда. Nur Otan партиясы мүгедек адамдар үшін Инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Халықтың хабардарлығын арттыру маңызды бағыт болып табылады.

Бұл жұмыс мүгедек адамдардың проблемаларына қоғам мен бизнестің назарын аударуға, «ынтымақтастық рухын» қалыптастыруға бағытталған. Бұл мәселеде азаматтық қоғам мен БАҚ-қа үлкен рөл беріледі. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау мақсатында Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеу мәселесіне тоқталғым келеді, өйткені ол үнемі партиялық бақылауда.

Қостанай облысында 376 әлеуметтік маңызы бар нысанды (медициналық және білім беру мекемелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық демалыс орындары және т.б.) бейімдеу жоспарланған.

Нысандарға қолжетімділік жөніндегі міндеттерді сапалы іске асыру мақсатында партия жанынан жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс істеуде, ол мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілері мен қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету сапасына тұрақты мониторинг жүргізеді.