Архимед Мұхамбетов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда, осы мақсатқа 4,8 млрд.теңге бөлінді.
Қалалар мен аудандардың әкімдіктері күн сайын баға мониторингін жүргізеді.
Жыл басынан бері облыстың 321 жәрмеңкесінде нарықтық бағадан 10-15% — ға төмен бағамен 1,3 млрд.теңгенің сомасына 2083 тонна өнім сатылды.
Тұрақтандыру қорында 9,3 мың тонна көлемінде 2,3 млрд. теңге сомасына 14 өнім атауының қоры бар. Қосымша 6,7 мың тонна көкөніс, картоп, қарақұмық жармасы мен күнбағыс майын сатып алу жоспарлануда. Наубайханаларға сату үшін 1 сұрыпты ұн қоры жасалды.
Сондай-ақ кеңес барысында өңір басшысы «Rauzet Сауда» ЖШС, «ТД Азия KZ» ЖШС, «Квард ЛТД»ЖШС, «КО Меркурий»ЖШС облыс орталығының сауда желілерінің иелерін тыңдады.
Сауда желілерімен облыстың ішкі нарығында сату үшін Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрін жеткізу бойынша тікелей келісімшарттар жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне күн сайын әкімшілік сипаттағы шараларды жүргізе отырып, бағаларға мониторинг жүргізуді, сондай-ақ жәрмеңкелер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.