Алматы қаласында «Тәуелсіздік әдебиеті» деген тақырыпта Қазақстан Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысы өтті.
Алқалы басқосуда Тәуелсіздік мерекесіне орай соңғы бір жылда ел әдеби өміріндегі атқарылған істер сараланды. Сондай-ақ, 2020 жылғы шыққан әдеби туындылар бойынша Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының жүлдегерлері анықталды.
Жеңімпаздардың қатарында «Қостанай таңы» газетінің Директор – Бас редакторы Жанұзақ Аязбеков те бар. Бас редактор Жанұзақ Аязбековке сыйлық «Бальзак неге жылады?» атты әдеби көркем сын кітабы үшін берілді. Мәртебелі сыйлықты Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет тапсырды.