Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жерлесіміз Болат Сайлаубайұлы Қанапинге партиялық билетті салтанатты түрде табыс етті.
Болат Сайлаубайұлы-болашағы зор жас маман, интервенциялық кардиолог. Қостанай облыстық ауруханасында ол 10 жылдан астам жұмыс істейді, 2000-нан астам коронарография, 500 стенттеуді орындады, оның 400-і шұғыл көрсетілім бойынша, 40-тан астам жатыр артерияларының эмболизациясын орындады. 100-ге жуық электрокардионды стимуляторларды имплантациялады.
Реанимация және кардиологиялық бөлімшелердегі науқастарға жетекшілік етеді. 2015 жылы Қостанай облыстық аурухана базасында ол алғаш рет Қостанай облысында мұрын қуысының профузды қан кетуі кезінде жоғарғы жақ артериясының дистальды бөлімдерінің эндоваскулярлық окклюзиясы жасалды. Канапин.Б.С облыс кардиологтары арасында өз жұмыс тәжірибесімен бөлісіп келеді. Денсаулық сақтау басқармасының қызметі бойынша өңірлік үйлестірушісі.
Денсаулық сақтау саласының маманы, ақхалатты абзал жан «Nur Otan» партиясының мүшесіліне қабылданғаны қуантады. Жерлесімізді үлкен мақтанышпен құттықтаймыз және жұмысына табыс тілейміз.