Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бізге керек мінез

19 декабря 2021 18:00 • 517 просмотров

Тәуелсіздік дегенде есіме Алаш зиялылары еске түседі. Алаш зиялыларының саяси және рухани күрестегі негізгі мақсаты, орасан міндеті ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау болды…

Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы тәуелсіз ел атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Қаншама тер, қаншама қан төкті. Талай қазақ қыздары мен жігіттерін қанға бөктірген Желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалды. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиға ретінде тарихқа енді.

Қазақстанның тарих ғылымы саласына игілікті қызмет еткен ғалым Манаш Қозыбаев қазақ жастарының тәуелсіздік жолындағы күресін «Дақпырт және Шындық» атты еңбегінде баяндаған. «Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ғасырларға созылған ата-баба қанды жорығының, дабылды-дауылды күресінің заңды жалғасы», — деп түсіндірді.

Тәуелсіздік тарихын зерттеп, жаңғыртып бүгінге жеткізу арқылы мемлекет келешегіне жол бастаған тұлғалар ғұмыры жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Манаш Қозыбаев 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін сырлы құбылыс деп бағаласа, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскенін көрсетеді. Жастар бұдан әрі кез келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін халқының атынан ашық мәлімдеді», — деп бағалаған болатын.

Көтерілістің себеп болуымен 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, дербес ел болдық. Осынау отыз жылда көптеген жетістікке жеттік. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Ал  4 маусымда Н.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңға қол қойды.

1993 жылы ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. 1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Н.Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп Қазақстан өз еркімен қуатты қарудан бас тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде осынау зұлматпен күрестің алғашқы баспалдағын қалады. Қазіргі қолданыстағы Ата заңымыз 1995 жылы бекітілген.

Қазақстан үшін 2019 жыл тосын оқиғаға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 71 пайыздан астам дауыс жинап, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы болып сайланды.

Тәуелсіздікті аңсаған халқымыз бүгінде әлемдегі дамушы елдердің қатарында өркениет көшінен қалмай, өмір сүруде. Өткеннен сабақ ала отырып, бүгінгі жаңаруларда жаңылыспауға тиіспіз. Енді біздің парызымыз – қаншама қиындықпен алып берген бар құндылықтарымызды сақтап, солар үшін күресуіміз керек. Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету бімінен емес,мінезден» деген. Шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімзді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Бізге керек мінез осы!

Айдана МАНАТҚЫЗЫ, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ 2-курс студенті