Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ұстаздық ұлы қызмет

30 декабря 2021 11:19 • 815 просмотров

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты.

Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі – Қостанай қаласындағы № 27 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Султанова Қымбат Сапабекқызы.

Султанова Қымбат Сапабек­қызы өз мамандығы бойынша 30 жыл еңбек жасап келеді. Жоғары білімді, педагог–шебер. Ол өз оқушыларын республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадаларға дайындауда үздік жетістіктерге жетіп, еңбегі еленіп жүрген мақтаулы маман.

Қымбат Сапабекқызының шәкірттері облыс, республика өңірінде ғана емес, шет елдерде де оқып білім алып жүр. Көп жылғы еңбегінде Қымбат Сапабекқызы тек қана жақсы жақтардан ғана көріне білді. Пән бойынша олимпиадалардан да жүлделі орындарға ие болған оқушылары жоқ емес. Қымбат Сапабекқызы өзі де қалалық, республикалық сайыстарға түсіп, көрініп келеді. «Педагогтың таңдаулы портфолиосы» республикалық байқауында 1-орын, «Мен және менің сабағым» республикалық байқауында «Топтық жұмысты ұйымдастыра алғаны үшін» номинациясына ие болды.

2013 жылы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдармалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап шықты. Бұл біздің ұжым үшін үлкен мақтаныш. Заманауи талапқа сай сабақ берудің білікті маман ретінде де Қымбат Сапабекқызына жүктелетін жұмыс түрлері көп. Ол кісінің жұмысы тек оқушылармен ғана емес, сонымен қатар мектебіміздегі жас мұғалімдерді де тәлімгерлікке алып, өз жұмысының жаңа жетістіктерімен бөлісіп отырады.

Кәсіби шеберлігі жоғары Қымбат Сапабекқызының ұстанымы, «Бала – толтыратын ыдыс емес, ол – тұтататын шырақ» деген ойымен Плутарх сөзін үнемі тілге тиек етеді. Сондықтан алдымызда отырған балалардың шырағын сөндіріп алмай, керісінше лаулап жануына себеп болуымыз керек деген сөзін үнемі қайталап отырады. Бұл сөзі жас мамандарға үлгі ретіндеде ұсынылып жүр. Тәжірибесі мол Қымбат Сапабекқызы жас мамандарға үнемі көмек көрсетіп отырудан жалыққан жоқ. «ХХІ ғасыр талабы – жан – жақты дамыған құзыретті тұлға» дамытудың бірден- бір шебері десек қате айтпағанымыз болар. «Рухы биік, білімі терең, жан – жақты құзыретті тұлға қалыптастыратындай қолайлы орта жасау» Қымбат Сапабекқызының қолынан келетін жұмыстарының бірі.

Сонымен қатар Қымбат Сапабекқызы бастауыш сынып мұғалімдер арасында әдістеме бірлестігінің жетекшісі. Ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз.

Былғы оқу жылында білім министрінің граматосымен марапатталса, оқушылары да қалалық ғылыми жұмыстан 1,2 орындарға ие болды. Оқушысы Нұржанова Амир мектебімізге келген білім министрімен сұхбаттасып, өзінің тоғызқұмалақ ойыны жайында әңгімелеп берді. Асылбекқызы Ақниет «Алматыкітап» баспасының ұйымдастырылған халықаралық конференцияға мұғалімімен бірге қатысып келді.

Таңшолпан Қасым, Қостанай қаласы №27
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі