Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының аумағындағы блок-бекеттерге барды. Өңір басшысы бекеттердің және қызметкерлердің жұмыс жағдайымен танысты.
Облыс аумағында барлығы 14 тосқауыл қойылды. ТЖ басталғаннан бері блок-бекеттерде қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған 100-ден астам тәртіп сақшысы қауіпсіздікті күзетуде. Қазіргі уақытта полиция жұмысы үшін барлық жағдай жасалған.
ТЖ кезінде блок-бекеттерде 6864 автокөлік тексерілді, оның ішінде облыс шекарасында –1064, периметрі бойынша –5800. Сондай-ақ, 10670 жеке тұлға тексерілді.
Бұл күндері облыс орталығының көптеген тұрғындары шектеулерге түсіністікпен қарап қана қоймай, полиция қызметкерлеріне көмектесуге ниет білдірді.
— Қостанайлықтарды бірлік, достық және инабаттылық сияқты қасиеттер әрқашан ерекшелейді. Осы қиын уақытта бірге болу және тәртіпті қалпына келтіру үшін күш біріктіру маңызды. Облыс халқын адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, түрлі шақыруларға берілмеуге, заңсыз жиналыстарға шықпауға, ТЖ режимінің барлық талаптарын сақтауға шақырамын. Осы шаралардың барлығын сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қабылданды, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.