Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жасөспірімдерді ата-аналарымен бірге және дәрігерлердің бақылауымен вакцинациялау

19 января 2022 11:34 • 541 просмотров

14 қаңтар, М. Горький атындағы гимназияның 7 сынып оқушысы Алина Блохина өз мектебіне білім алу үшін емес, бүгін мектепте ашылған вакцинация пунктінде Pfizer вакцинасының екінші компонентін алуға барды. Шешімді анасымен бірге қабылдаған, анасы қызының қасында , қол қойып, медицина қызметкеріне келісімін беруде.

Вакцинация пункті 6 қаңтарда жұмыс істей бастады. № 2 емханадан көшпелі бригадасы өтінімдерді жинау шамасына қарай барады, себебі вакцинаның бір құтысы 12 жастан 18 жасқа дейінгі 6 жасөспірімге есептелген. Сондықтан өтініштер телефон арқылы балалар мен ата-аналар келе алатын уақыт нақты келісілген кейін алдын-ала қабылданады.

Алина, бірінші компонентті поликлиникада алғанын айтады, «Бірнеше күн бұрын вакцинаны біздің мектепте алуға болатынын білдім» сондықтан екінші компонентті алу үшін осы жерге жүгіндім. Бұл маған да , анама да ыңғайлы. Бірінші екпеден кейін кішкене қолым ауырды, менің жағдайымды білі үшін үш күн бойы дәрігерлер қоңырау шалып отырды».

Алинаның анасы Дина Блохина қызының шешімін қолдауда және бүгін «60 жастан асқан тұлғаларға Pfizer вакцинасымен қайта вацинациялауға болатынын білдім» бұл жаңа жағалық қуантады, бұны әкеме айтамын, өйткені оның вакцинациялау мерзімі жақындап келеді дейді.

Дәрігер-эпидемиолог Инна Анатольевна Соколова соңғы күндері облыстағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлағанын, науқастар саны тәулігіне 97-ге дейін өскенін атап өтті. Бүкіл әлемде аурудың өсуі байқалады. Бұл қиын уақытта вакцинация қарапайым және сенімді қорғаныс әдісі болып отыр.

Гимназия директорының орынбасары Мария Владимировна Годова, 33 гимназилық баланың вакцина алғанын айтуда, өтініштер саны артып келеді: «Біздің барлық оқушылар мен олардың ата – аналары балаларды вакцинациялау жеке және ерікті мәселе екенін біледі. Жоғары сынып оқушыларының көпшілігі саналы таңдау жасайды, өйткені Pfizer вакцинасы бүкіл әлемде танылған. Ең үлкен қиындық — жұмыс істейтін балалардың ата-аналары вакцинация пунктіне олармен бірге келетін уақытты үйлестіру болып отыр.

Балалар мен жасөспірімдерге арналғанвакцинация пункттері М.Горький атындағы орта гимназияда, № 1 мектеп-лицейі және № 27 ЖББМ ашылды.