Қостанай облысының әкімдігінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру қорытындылары қаралды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша 2021 жылы оң нәтижелерге қол жеткізілді – облыс бойынша 450,1 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 674 пәтер пайдалануға берілді.
Айта кету керек, өткен жылы Қостанай облысы тұрғын үйді іске қосу қарқыны бойынша республикада 6-шы орында тұр. Ал 2022 жылы әлеуметтік тұрғын үй құрылысының негізгі көлемі облыс орталығына тиесілі, онда жалпы сомасы 13 млрд.теңгеден асатын 45 кредиттік үй және 4 жалға берілетін үй салу жоспарланған.
2022 жылы облыс алдында тұрғын үйді іске қосу көрсеткішін 10% – ға арттыру міндеті тұр, бұл 495,1 мың шаршы метрді құрайды.
Бұдан әрі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары мен 2022 жылға арналған міндеттер қаралды.
2021 жылға жоспарланған «Еңбек» бағдарламасының көрсеткіштері орындалды. Жұмыспен қамту шараларымен жоспар бойынша 27,0 мың адам 29 919 адам қамтылды. Ағымдағы жылы Жұмыспен қамту шараларымен жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан кемінде 27 мың адамды қамту жоспарлануда.
Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және 486 адамды жұмыс орнында оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ, 552 адам электрондық еңбек биржасы арқылы қажетті кәсіпке оқытылады. «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1250 адам жіберіледі.
Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде кемінде 605 грант беру жоспарлануда.
Азаматтарды еңбек күші артық облыстардан көшіру ағымдағы жылы 2022–2025 жылдарға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде көзделген. Осы ұлттық жоба аясында 2022 жылы өңірлік квотаға 700 адамды қосу жоспарлануда.