Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Меценаттардан марапат

20 января 2022 16:30 • 442 просмотров

Облыстық Полиция департаментінде өңір меценаттары тәртіп сақшыларымен кездесу өткізді. Олар полиция қызметкерлеріне ТЖ кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға күш салғандары үшін алғыс білдірді.

Қостанай қаласының Құрметті азаматы, «БК-СТРОЙ» ЖШС Бас директоры Игорь Ким бұл күндері қоғамдық тәртіпті сақтауда ешкім шетте қалмағанын және өңірде ауыр зардаптарға жол бермеген полицейлерді қолдағанын айтты.

Кәсіпкерлер бейбіт шеруде болып, қызметтік борышын адал атқарғандарды атап өтті. Меценаттар, оның ішінде «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті, техника ғылымдарының докторы Валерий Гриненко Иванович, «Асалия» ЖШС директоры Дулат Шаяхметов елуден астам полиция қызметкеріне материалдық көмек көрсетті.

— Бизнес өкілдері тарапынан көрсетіліп отырған қолдау – күшейтілген негізде қызметін жалғастырып жатқан полицейлерге моральдық үлкен қолдау. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта да сын сағаттарда жоғары деңгейдегі даярлықтарын көрсетеді деп сеніммен айта аламыз, – деді облыстық ПД бастығы Бекет Аймағамбетов.

Сондай-ақ, бірқатар қызметкерге ІІМ, облыс әкімінің және облыстық ПД куәліктері табыс етілді.

Айта кетейік, ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап, барлық бизнес нысандары күзетке алынған еді. Аймақта басбұзарлық әрекеттерге жол берілмеді. Өңірде, жағдайдың күрт ушыққанына қарамастан, бизнеске нұқсан келген жоқ.