Президенттік кадр резервінің мүшесі аудан әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алтынсарин аудандық мәслихат депутаттарының келісімі және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Алтынсарин ауданының әкімі тағайындалды. Ол Арнұр Маратұлы Сартов болды.
Арнұр Сартов Президенттік жастар кадр резервіне іліккен. Ол 1987 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. «Экономика» және «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратурада білім алған.
2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне алынды. Бұған дейін Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Арнұр Сартовқа ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етуді тапсырды.