Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жедел желі құрылды

21 января 2022 15:00 • 509 просмотров

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревский төтенше жағдай кезінде әкімшілік құқықбұзушылықпен ұсталған азаматтар­дың туыстарының өтініштері үшін 8 (714-2)-52-61-48 телефон нөмірі бойынша жедел желі құрылғанын айтты.

Осы күнге дейін ұстау шарттары және жақын адамдарына сәлемдемелер беру туралы 200-ден астам қоңырау келіп түсті. Облыстың арнайы мекемелерінде жеке гигиена заттары және темекілер түріндегі елуден астам сәлемдеме қабылданған. 17 қаңтарда ҰАТ өкілдері УҰИ, Қостанай қаласының ПБ арнайы қабылдау орны мен қабылдау-тарату орнында болып, арнайы құрамды ұстау жағдайларымен танысты.

Шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. Қазіргі уақытта 18 адам әкімшілік жаза мерзімін өтеуді жалғастыруда. Қамауға алынған 60-тан астам азаматтардың жаза мерзімі қысқартылды.

Брифингте басқарма басшысы ТЖ кезеңінде ұстау және полиция органдарына жеткізудің барлық мәселелері бойынша мына көрсетілген телефон арқылы хабарласуға болатынын айтты: (8714–2) 52–61–48.