Бүгінгі таңда қоғам педагогтің тұлғасы мен қызметіне түбегейлі жаңа талаптар қояды, олардың бірі — оның кәсіби шеберлігін қалыптастыру. Педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға қатысуы жеке кәсіби қасиеттерін, шығармашылық әлеуетін дамытады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» білім беру орталығымен бірлесіп, 5-6 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында №70 мектеп-лицей базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» атты республикалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиада мұғалімдердің зерттеушілік және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға, математиканы оқыту үдерісін жетілдіруге; жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтауға және қолдауға, математикадан олимпиадалық есептерді шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар, олимпиада аясында 5 қаңтарда мұғалімдерге арналған семинар өткізілді, онда олимпиада тапсырмаларын шешутәсілдері мен ұсыныстары қарастырылды.
Олимпиадаға 141 педагог қатысты, оның ішінде облысымыздан 8 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.
«Амангелді ауданы білім бөлімінің Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі АлмагулСултановна Нургалиеваолимпиадада II орын алды, «Қостанай қаласының білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімдері АжарТлеугабыловнаЕлеусизоважәне «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ТокслуАкатаевна БекмурзинаIII орынға ие болды.
Сондай-ақ, «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Урицкиймектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Елена Владимировна Калашникова грамотамен атап өтілді.