Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Жангелдин ауданына барды. Сапар барысында ол Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл тіршілігіне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебіне барды. Мұнда «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 324,7 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.
Одан әрі өңір басшысы А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатов атындағы мұражайға барды. Мұражай 1991 жылы бой көтерген. Жалпы ауданы 515,0 м2. Мұнда 8 экспозиция залы бар. Одан кейін Архимед Мұхамбетов Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл тіршілігіне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Биыл мерейтой қарсаңында ауданның, оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлы ауылының инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар жоба іске асырылатын болады. Бұл сапалы интернет жүргізу, ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендер арасындағы жолдарға тас жол төсеу сияқты жұмыстар.
Ағымдағы жылы киелі нысандарды жөндеу, автомобиль жолдарын қалыпқа келтіру, А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатовтың әдеби мұражайларының ғимаратын ағымдағы жөндеу, сондай-ақ көрме залдарын қайта экспозициялау жоспарлануда, бұдан басқа көптеген іс-шаралар қарастырылған.
Сонымен қатар, қазақ қайраткерінің үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізу және оны А. Байтұрсынұлы мұражай үйі ретінде қайта құру жоспарда бар.
А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған басты іс-шаралар ағымдағы жылдың қыркүйек айында аудан орталығында өткізіледі. Мереке аясында ғылыми-практикалық конференция өткізу және оған зерттеушілердің, сондай-ақ ағартушының жақын туыстарының қатысуын қамтамасыз ету қажет.
Жиналыс барысында Жангелдин ауданы әкімі Шота Оспанов баяндама жасады. Оның айтуынша, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына байланысты аудан бойынша атқарылар жұмыстардың алдында бүгінгі күнге дейінгі жүзеге асқан жұмыстар да жетерлік.
Мәселен, 2018 жылы атақты жерлесіміздің туған жері Қарасу ауылы А. Байтұрсынұлы ауылы болып қайта аталды және дүниеге келген Сарытүбек қоныс орны «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасымен аймақтық маңызы бар киелі жерлер тізіміне енгізілді. Мерейтой қарсаңында Жангелдин ауданының инфрақұрылымын жақсарту бағытында, оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлы ауылына да қатысты бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Тоқталар болсам, аудан орталығында жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, аудандық аурухананың хирургиялық кешені күрделі жөндеуден өтті, аудан орталығында көшелердің асфальт жабындысы жаңартылды, – дейді Жангелдин ауданы әкімі Шота Оспанов.
Сонымен қатар Ақкөл, А. Байтұрсынұлы ауылдары аралығындағы Ұлыжыланшық өзенінің үстінен екі ауылды байланыстыратын көпір салынды, құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді. Нысанның жалпы құны 432 млн 100 мың теңгені құрады. Сондай ақ, Шұбалан – А. Байтұрсынұлы бағытындағы автомобиль жолының 87 шақырымында, су өткізгіш жасанды инженерлік нысанына күрделі жөндеу жүргізіліп, қазан айында пайдалануға берілді, 42 млн 569 мың теңге екі жылға бөлініп аудандық бюджеттен қаралды.
— Ахмет Байтұрсынұлы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғыртуға 332 млн теңге жұмсалды. Сонымен қатар көршілес Ақкөл ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғыртуға 387 млн теңге жұмсалды, аталған екі объект осы жылы пайдалануға берілді. 2020 жылы Ахмет Байтұрсынұлы және жанындағы Ақкөл ауылына «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының «250+» бағыты бойынша ұялы байланыс орнатылды. Дегенмен мобильді интернет жылдамдығы нашар, сол себептен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту қажеттілігі бар, – деп атап өтті Ш. Оспанов.
Сондай-ақ, аудан орталығынан Ахмет Байтұрсынұлы ауылы 121 шақырым, оның 14 шақырымы Арқалық – Торғай облыстық маңызы бар жолға енгізілген, ал аудандық күтіп-ұстауда Шұбалаң – Қарасу жолы 107,6 шақырым құрайтын көтерме жол, барлығы дерлік ешқандай жабындымен қамтылмаған, тек 11,4 шақырымына ғана салыну кезіңде болу керек қиыршық тас төселген. Сондықтан осы 11,4 шақырымға асфальт төсеу мақсатында осы жылы техникалық құжат жасалды.
Сонымен қатар осы жолда 3 көпір бар, биылғы жылы салынған көпір төртінші болып қосылып отыр және үш көпіргеде техникалық зерттеме жүргізіліп, барлығы да күрделі жөндеуді қажет ететіні анықталған болатын. Сондықтан 2019 жылы бірінші шақырымдағы көпір күрделі жөндеуден өтті, жоба құны 156 млн теңге. Ал екінші көпірге жобалық-сметалық құжат дайындалып тұр, жоба құны 213 млн.теңге. Үшінші көпір 26-шы шақырымда, бұған ешқандай жұмыстар жоспарланған жоқ.
2010 жылы А. Байтұрсынұлының 140 жылдығы қарсаңында А. Байтұрсынұлы және Ақкөл ауыл тұрғындарының демеушілігімен, яғни асар әдісімен тарихи деректерге сүйене отырып, тұлғаның туған үйінің орнына сол кездегі үлгіде «қоржын үйі» тұрғызылған және коммуналдық меншікке енгізілген. Жыл бойы Ахмет Байтұрсынұлы және Аккөл ауылы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен күтіп ұсталынып келеді.
Алдағы уақытта яғни 2022 жылы киелі нысанның өзіне жөндеу, соның ішінде сол кезендегі қазақы үй келбетіне келтіруге әліде жұмыс жасап, төбесін ашып жабу, қабырғалары қайта өнделіп өзгертуге және аумағы абаттандырылып, тас төсеніштер төсеу, сыртқы қоршауын кеңейтіп жаңарту бойынша жұмыстар жоспарлануда. Бұл үшін тиісті жұмыстар қамтылып сметалық құжат әзірленді. Қажетті қаражат 22,7 млн.теңгені құрап отыр. Осы жұмыстарға дайындық негізінде киелі нысанға 2020 жылы демеушілер есебіне 1,2 шақырым электр желісі тартылды және әкесі Байтұрсын, ағасы Қали және басқа да туыстары жерленген қорым қоршалды.
1993 жылдан бері жұмыс жасап көрермендерге танымал болған Торғай ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы әдеби мұражайының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіп, көрме залдарың қайта реэкспозициялау жұмыстары жүргізілсе. Сметалық құжаттарды әзірлеу облыстық мәдениет басқармасына жүктелсе, тиісті мамандардың қатысуымен талапқа сәйкес жоспарлануына оң әсері болмақ.
Бұл жерде ең бастысы 2022 жылдың қыркүйек айында аудан орталығында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу және оған Ахмет Байтұрсынұлының жақын туыстарын, зерттеушілердін қатысуын қамтамасыз жасау.
Ал жыл басталысымен ауданның кітапхана, тілдерді дамыту орталығы, мұражайлар кешені және білім саласының мамандарының ұйымдастыруымен аудан ішілік іс-шаралар жүргізе бастайды.
— Жалпы мерейтойлық іс-шаралардың өз деңгейінде өткізуімен ауданның-әлеуметтік экономикалық дамуына жаңа серпілістер болады, оның ішінде инфрақұрылым жақсартылып, жолдар жөнделсе киелі орынға барушылар, Ахмет Байтұрсынұлы туғандарының қорымына барып дұға бағыштап өңірмен танысушылар саны артады деп күтілуде. Сонымен қатар осы киелі орыннан қашық емес аумақта 2020 жылғы көпшіліктің назарына жақсы танылған «Тұзды көл», «Ыстық су» табиғи орындары, «Қыз моласы», «Сырлы там» деп аталған ерте кездің қорымдары, тарихи орындар ретінде көпшіліктің қызушылығын тудырары ескерілуде. Сондықтан тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп келеді, алдағы уақытта да нәтижеге жету үшін атқарыла береді, – деді аудан әкімі Шота Оспанов.
Бұдан соң облыс әкімідігі Мәдниет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов баяндама жасады. 2022 жылы ЮНЕСКО бойынша Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Жалпыреспубликалық жоспардың негізінде облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ерлан Болатұлының айтуынша, жоспарға сәйкес 2022 жылы бірқатар маңызды жұмыстар жүргізілетін болады. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған шаралар ақпан айында Елордадан бастау алады. Содан кейін Қостанай қаласында Ахмет жылының ашылуын өткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта осы шараның мазмұны мен өткізілетін форматы бойынша мәселелер пысықтау үстінде.
— Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен мұрасын қастерлеуге байланысты жұмыстардың аясын кеңейту қажет деп есептейміз. Бүгінде А. Байтұрсынұлының есімі 32 нысанға берілген: Қостанай өңірлік университеті, 2 мектеп, 28 көше және 2018 жылы туған жері Қарасу ауылы А. Байтұрсынұлы ауылы болып қайта аталды. 2022 жылы Рудный қаласындағы № 19 жалпы білім беретін мектепке А. Байтұрсынұлының есімі берілетін болады. Өздеріңізге белгілі, желтоқсан айында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты депутаттық сауал түскен болатын. Оған сәйкес, бірқатар ұсыныстар, соның ішінде Жанкелдин ауданын қайта атау, Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайға А. Байтұрсынұлының есімін беру туралы бастамалар көтерілген еді. Бұл мәселелерді шешу үшін жергілікті халықтың, қоғамның пікірін зерделеу қажет, – деді Ерлан Қалмақов.
Қостанай қаласындағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының атын беру бойынша қоғамның пікірін ескеру мақсатында қоғамдық кеңес мүшелерімен, мәслихат депутаттарымен, ардагерлер кеңесімен талқылау жұмысы, тиісті заңнамалық процедураларға сәйкес өткізілетін болады.
Облыс аумағында орналасқан А. Байтұрсынұлының бес ескерткішіне жаңғырту жұмыстарын жүргізу және маңайын абаттандыру үшін аудандар мен қалалар әкімдіктеріне тиісті тапсырма берілді.
— Жоғары аталған жөндеу жұмыстарымен қатар, ғылыми-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның ішінде, «Ахаң жүрген жолымен» ғылыми экспедициясы, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, қайраткердің мұрасын зерттеуге арналған «Ахмет әлемі» интерактивті порталы, «Байтұрсынұлы оқулары –2022», облыстық театр сахналарында тақырыптық қойылымдар және тағы басқалары. Келесі оқу жылы облыс үшін маңызды педагогикалық және инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гранттар жергілікті бюджет есебінен тағайындалады. Мерейтойлық шаралардың аясында арт-алаңның ашылуы көзделген. Біз бұл алаңды Қостанай қаласындағы Гашек көшесіндегі жағалау аймағында ұйымдастыруды ұсынамыз. Жағалауда киіз үй пішініндегі тұрақты көрме орындарын әзірлеп, суретшілердің, қолөнершілердің көрмелерін, облыс музейлерінің тақырыптық көрмелерін ұйымдастырған жөн, – дейді Мәдениет басқармасының басшысы.
Апта сайын демалыс күндері ашық аспан астындағы сахнада А. Байтұрсынұлының 150-жылдығына арналған театрландырылған қойылымдар, облыстық филармония ұжымдарының концерттері, қалалар мен аудандар мәдениет үйлері өнерпаздарының «DalaFest» фестивалі, Ұлттық домбыра күні аясындағы өнер көрсетуі жоспарланған.
Бірқатар зиялы қауым өкілдерінен Ахмет жылы шеңберінде Бәдрисафа Байтұрсынованың өмір жолын зерттеу бойынша экспедиция ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар түсті. Қазіргі таңда бастамашы топ өкілдерімен жобаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асыру тетіктері қаралуда (жобаның құны 5 млн теңге).
Халықаралық ежелгі технологиялар фестивалінің 2022 жылғы тақырыбы Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін, материалдық емес мәдени мұрасын насихаттауға арналған. Бұрын Лисаков қаласының аумағында ғана өткізілген бұл фестивальдің ауқымын кеңейтіп, енді облыс орталығында өткізу ұсынылады.
Сонымен қатар, жоспарда көрсетілгендей, бұл алаңда ашық аспан астындағы кинотеатр жұмысын ұйымдастырып, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметіне қатысты Тәуелсіздік жылдары түсірілген көркем фильмдер мен деректі фильмдерді көрсету мүмкін.
Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған негізгі іс-шараларды өзінің туған күні аясында, яғни 5 қыркүйек шамасында өткізу ұсынылады. Облыс орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған ауқымды шаралар жоспарланған. Сондай-ақ, тарихи тұлғаның туған жері Жанкелдин ауданында бірқатар көлемді мерейтойлық шаралар өткізу көзделген.
Сондай-ақ, бірқатар мәселелер өз шешімін күтуде. Ең маңызды мәселелердің бірі Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолды күрделі жөндеуден өткізу. «Шұбалаң – А. Байтұрсынұлы ауылы» аралығындағы 107,6 шақырым автокөлік жолы аудандық маңызы бар жол болып табылады. Осы көтерме жолды жақсарту мақсатында 11,4 шақырымын жөндеуге 450,0 млн теңге қарастырылған.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Жангелдин ауданының әкімі мен облыстық басқарма басшыларына барлық жоспарланған жұмыстарды бақылауда ұстауды, сапалы және көрсетілген мерзімде іске асыруды тапсырды.