Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Вакциналау: жоспар ауқымы кеңейді

10 февраля 2022 16:00 • 624 просмотров

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында Алтынсарин, Амангелді және Жангелдин аудандарының әкімдері эпидемиялық ахуал туралы баяндама жасады. Жалпы, қазіргі уақытта облыс көлемінде инфекциялық кереуеттердің жүктемесі 33,4%-ға тең. 451 адам емделіп жатыр. Аймақ басшысы екпе жасату шарасы туралы ақпарат берді.

«Вакцинацияға қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңартылған жоспарды ұлғайту тапсырмасын берді. Нақтыланған жоспар бойынша, 90 572 адаммен немесе 17,9% өсіммен 595 640 адамға жеткізу көзделеді. Күнделікті жоспар жалпы жоспарға енгізілген түзетулерге байланысты 4 000-нан 6 270 адамға дейін ұлғайды. Жаңа жоспар бойынша бірінші компонентпен вакцинациядан 354 119 адам өтті, екінші компонентпен 336 357 адам екпе алды», – деп жазды А. Мұхамбетов «Инстаграм» желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, аймақ басшысының мәліметінше, жүкті және бала емізетін әйелдерді, балалар мен жасөспірімдерді вакциналау жалғасып жатыр, осы кезге дейін 9 419 адам Pfizer вакцинасын салдырған.

Сонымен қатар, 82 107 адам қайта вакциналанды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасу үстінде. Отырыс қорытындысында облыс әкімі аудан-қала әкімдеріне вакцинация жұмыстарын жандандыруды және барлық мәселелерді өз бақылауларына алуда, сондай-ақ халыққа вакцинация және ревакцинацияға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттерді түсірген автор