Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Білім ошақтарын аралады

18 февраля 2022 16:15 • 817 просмотров

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері Әулиекөл ауданына барып, ондағы білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының сапасын қарап, өңірдің білім беру жүйесін дамытудың проблемалары мен даму перспективаларымен таныс болды.

Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Альмира Жансүгірова, кеңес мүшелері, Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары Гүлфия Дәндібаева, Серік Манасбаев, Елена Венгр, Дмитрий Павленко бастаған мониторингтік топ Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінде, Ш. Шаяхметов атындағы Сұлукөл ОМ, № 28 Құсмұрын ОМ, сондай-ақ ауыл шаруашылық колледжінде болып қайтты. Аманқарағай орта мектебінде күрделі жөндеу 2 жылға есептелген. Жоспарланған жұмыс түрлерінің 80% – ы 2021 жылы аяқталды: шатырды, терезе блоктарын, жылыту жүйесін, инженерлік желілерді (су құбыры, кәріз, желдету), едендер мен электр сымдарын тартуды, қабырғаларды бастапқы өңдеу және т. б. толық ауыстыру жүргізіліп 468,2 млн теңгенің 379,2 млн теңгесі игерілді, қалған 89 млн теңге қаражат осы жылдың мамырына дейін игерілуі тиіс.

Екінші және үшінші қабаттар дайын, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары тек бірінші қабатта жүріп жатыр. Нысан жоспарға сай уақытында тапсырылатын болады. Сондай-ақ, партия мүшелері мектептің сырты да, іші де түбегейлі өзгергенін, жұмысты «ГРЕНАДА ӨКФ» ЖШС мердігерлік ұйымы сапалы жүргізіп жатқанын, мердігерге қатысты ескертулер жоқ екенін атап өтті. Кеңес мүшелері жобада мектеп жанындағы аумақты абаттандыру көзделмегеніне назар аударды, сондықтан облыстық мәслихатқа осы мақсаттарға шамамен 100 млн теңге сомада бюджет қаражатын бөлу туралы өтініш жасау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Ш. Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебі де жаңа кейіпке еніп, шатыры жаңарып, терезе және есіктері ауыстырылған. Мектеп директоры Гүлжан Әбденова кеңес мүшелеріне мектеп 1979 жылы салынған, онда 101 оқушы білім алатынын жеткізді. Мектепті 2021 жылы тапсыру жоспарланған болатын, алайда мердігер «ГРЕНАДА ӨКФ» ЖШС 2020 жылдың желтоқсан айында күрделі жөндеуді аяқтауған. Жөндеу жұмыстарына барлығы 305 млн теңге бағытталды, жылу жүйесі, су құбыры, кәріз, желдету және электрмен жабдықтау, электр жарығы, өрт жүйесі ауыстырылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Мекепті аралап көрген кеңес мүшелері барлық жұмыс түрлері сапалы және талғаммен орындалғанын айтты. Мектеп жылы, жарық және жайлы. Партиялықтар арасынан құрылған мониторингтік топ сондай-ақ Құсмұрын ауылындағы № 1 орта мектепке бас сұқты.

Қазіргі уақытта білім басқармасы осы мектеп үшін 320 орындық жаңа ғимарат салу мәселесін шешуде, өйткені 1942 жылы салынған қазіргі ғимарат өзінің 80 жылдық тарихында ешқашан күрделі жөндеуден өтпеген. Ғимаратты қарап шыққан топ жаңа ғимарат салу орынды дегенге келісті, өйткені қазіргі ғимарат санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келмейді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Құсайыновтың айтуынша, мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектептің құрылысы Құсмұрын кентінің орталығында 2025 жылға дейін жоспарланып отыр. Қолайлы логистикалық орналасу оның контингентін арттыруға ықпал етеді.

Білім басқармасы басшысының орынбасары А. Омаров түсіндіргендей, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бар. Кеңес мүшелерін «Жас Маман» жобасы бойынша Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжі жабдықталған заманауи модификациялы жабдықтар таң қалдырды. Ол 2021 жылы 216 млн теңге сомасына сатып алынды және бүгінгі күні дәнекерлеуші, электрик, құрылысшы, есепші, аспаз, тракторшы мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Енді колледж оқушылары республикалық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде де шеберлікпен бәсекеге түсе алады.

Партия тынысы

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор