Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қырмызы Жанбыршина , Облыстық маслихаттың депутаты:

19 февраля 2022 12:02 • 757 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев QAZAQSTAN арнасына ана тілімізде сұхбат берді.


-Жалпы мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан ең алдымен өзіміз оған құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын.
Қаңтар оқиғасына қатысты деректің бәрі уақыты келгенде ашық айтылады. Халықтан жасыратын ештеңе жоқ.-деді Президент.

Журналист Жайна Сламбек халықтың көкейінде жүрген , түйіткілі көп сұрақтарды еркін қойып отырды.
Президент те әрбір қойылған сұраққа іркілместен, тиянақты жауап қайтарып , салмақты әңгіме өрбітті.

Президент қаңтардағы жаппай бүліктің себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға нақты жауап берді.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың құқығының қорғалуы мен оларға қатысты азаптау фактілері жайлы да өз пікірін білдірді.

  • Мен Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға тапсырма бердім. Шаш ал десе, бас алатын әрекеттерге жол беруге болмайды ғой, — деді Президент.
    Және де , бүгінде құрамында белгілі құқық қорғаушылар бар , тәуелсіз қоғамдық комиссия тыңғылықты жұмыс істеп жатқанын, олардың жұмысына ешкімнің кедергі келтірмейтінін , билік те, құқық қорғау органдары да олардың жұмысына араласпайды, тіпті мен де деп айтып өтті.

Басында адамдардың бәрі бейбіт шеруге шықты емес пе?
Олардың бәрі лаңкестерге жата ма деген сауал көпшілікті алаңдатып отырғаны белгілі.
«Лаңкестердің мақсаты – елдің тұтастығын бұзу, халықты қорқыту.
Ал бейбіт шерушілер солардың қармағына түсті.
Қазір сол кінәсіз азаматтардың құқықтарын қорғауымыз керек. Қозғалған әрбір іске қатысты мұқият тергеу жасалуы керек деп айтқанмын. Адамдардың құқықтарын бұзғандар жазаға тартылады», ­- деді Президент.

-Сөзсіз қаңтар оқиғасы бәрімізге, оның ішінде мен де бармын, үлкен сабақ болды. Тиісті қорытынды жасалды деп айтуға болады.
Қазір елімізде болып жатқан саяси шешімдер соның нәтижесі.
Алдымызда өте көп жұмыс бар, — деді Президент.

  • Бұл қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыруымыз керек. Бұл қазір ең өзекті мәселе болып тұр. Азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды -ең басты орынға койғаны қажет. Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек, — деп айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлының сөздері барлық отандастарымыздың санасына қонып, жүрегіне жетсе екен деп тілеймін.
  • Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар ,
    ол -Қазақстан. Бұл — біздің қасиетті отанымыз!
    Отанымызды қорғау, халқымыздың амандығын сақтау- әр азаматтың борышы. Осыны ұмытпауымыз керек, қазақ елі жасай берсін,- деген сөздермен Мемлкет басшысы сұхбатын аяқтады.

Сұхбатты тыңдап отырып түйгенім,
біз үшін бәрінен де қымбат тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, тілімізді жоғалтпай келешек ұрпаққа аманат ету — ортақ парызымыз болуы керек!

Ия,Президентімізбен болған сұхбат бәріңізге де үлкен әсер берді деген ойдамын.
Жаңа Қазақстанды құру жолында,
бірлесіп жұмыс жасау үшін , ең алдымен Президентіміздің жүргізіп отырған саясатына сенім білдіріп, реформаларын қолдауымыз керек , достар!
Қазақ елінің болашағының жарқын болатынына мен сенемін!