Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тәуелсіздік нышандары

24 февраля 2022 16:38 • 814 просмотров

Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының әмбебап оқу залы ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына арналған «Төрткүл дүние таныған тәуелсіздік нышандары» атты кітап көрмесін ашты.

Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның мызғымас негіздерінің бірі. Олар елдің тәуелсіздігін білдіретін қасиетті бейнелер және ұлттың мақтанышы, елдің егемендігі мен тәуелсіздігін білдіретін киелі нышандар. Көрмеге қойылған материалдар мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихын көрсетеді, мемлекеттің ресми белгілеріне деген құрмет сезімін, болашаққа деген сенімді, өз еліне деген адалдық пен сүйіспеншілікті оятады. Ұсынылған кітаптардың ішінде нышандардың дүниеге келу жолы туралы сыр шертетін басылымдар назар аудартады. Олар еліміздің құндылық бағдарларын көрсетеді, еліміздің азаматтарының бойына отаншылдық рухын сіңіреді.

— Біздің кітапханада жылдың маңызды шараларына арналған көрме арнау дәстүрі бар. Биыл қазақ елінің тәуелсіздігіне 30 жыл. Мемлекеттік рәміздер — бұл белгілі бір елдің маңызды нышаны. Ал әлемдік каталогқа енген Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне келетін болсақ, халықаралық қауымдастық пен саралы сарапшылар, талғамы жоғары танымгерлер арасында елдігіміздің символдары ерекше жоғары бағаланғаны белгілі. Бұлай болуы да заңдылық. Өйткені, Қазақстанның Көк туы мен Елтаңбасы төл тарихимыздан сыр шертіп, алаштығымызды айқындп, ұлттық болмысымызды айшықтау түседі. Мен шет елдерге барғанда еліміздің рәміздерімен мақтана жүремін. Бүгінгі көрмеде осы тақырыпқа сай небір кітаптар мен басылымдар жинақталып қойылған. Бұл оқырмандарымыз үшін берері мол көрме. Алдағы уақытта оның қатары жаңарып, толықтырылып отырады. Келіп танысуларыңызға болады, — деді кітапхана директоры Дариға Дүйсебаева.

Кітап көрмесіне келгендер осы тақырып аясында өз ойларын білдіріп, пікірлерін қосты. Тәуелсіздіктің бүгінгі жетістігі аз емес. Бірақ алдымызда әлі де алар асулар, бағындырар белестер көп. Рәміздер тарихымен танысамын дегендер кітапханаға келіп, көрмемен таныса алады.