Қазақстандық аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы, жерлесіміз Иван Дычко британдық Probellum промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
«Қазақстандық Иван Дычко (11-0, 11) 2017 жылы кәсіби дебют жасағаннан кейін жұртшылықтың назарын керемет өнерімен өзіне аударып келеді. Соңғы рет ол 2021 жылдың желтоқсанында ресейлік Александр Устиновинді жеңді. Оның қазіргі дене тұрпаты Дычконың әуесқой мансабын тамашалаған адамдарға таңғаларлық дүние емес. Ол 2012 және 2016 жылдары Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, спортта кейіннен танымал болған Энтони Джошуа, Джо Джойс және Probellum-мен таяуда келісім жасаған Баходир Джалолов секілді бірқатар спортшымен жұдырықтасты», — деді компания өкілдері.
Иван Дычко соңғы рет 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткен жекпе-жегінде ресейлік ардагер Александр Устиновті (36-6-1, 27 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Қазақстан боксшының рингке қашан оралатыны әзірге белгісіз. Иван Дычко Probellum британдық промоутерлік компаниясымен келісімге қол қойғаннан кейін компанияға алғысын айтты.
«Мен Bulldog Boxing және Probellum-мен жұмыс істеп жатқаныма қуаныштымын. Олар менің әлем чемпионы болуыма көмектесенетініне толық сенімдімін. Олардың маған артқан сеніміне рахмет айтамын және тарих жасауға бірге кірісеміз», — деді Иван Дычко.
Сондай-ақ компания президенті Ричард Шейфер: «Біз болашағы жарқын, талантты боксшы Иван Дычкомен келісім жасасқанымызды зор ғанибет санаймыз», — деп толықтырды.