Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Руслан ӘЛКЕЕВ, «Сарыкөл» аудандық газетінің бас редакторы: «АМАНАТ» – АДАМДАР АМАНАТЫ

2 марта 2022 16:40 • 541 просмотров

Мен 1 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта өткен «Nur Otan»-ның кезектен тыс XXII съезін мұқият тыңдап, кейін жарияланған мәтінді қайтадан зор ықыласпен оқып шықтым.

Президентіміз еліміздің «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін мәлімдеді. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап, партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол азаматтардың мүдделерін ілгерілетуді және партияның ашықтығын басты мәселе ретінде айқындады.
– Саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды, соның ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз, міне, осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Президенттің бұл ұтымды ойы ел ертеңі ретіндегі маған өте қатты әсер етті. Екіншіден, мен жас журналист болғандықтан, мына пайымды пікірлері көкейіме ой салды. Бұл біз үшін де, халық үшін де өте қажет іс.

  • Қазіргі кезде саяси менеджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандармен, жастармен, журналистермен, халықтың барлық өкілдерімен тіл табыса алуы керек. Мұндай адамдар ел арасында аз емес. Әлеуметтік лифтінің жоқтығы – бірден-бір кедергі. Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз. Бұл – біздің басты кемшілігіміз. Партия құрылымында Саяси менеджмент академиясы бар. Осы академияның қызметін күшейту қажет, – деді Президент.
    Жалпы, «Nur Otan» партиясының атауы «Аманат» деп өзгертілуі мен үшін де қастерлі ұғым. Бұл – адамдар аманаты.