Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тең мөлшерлеме

Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қаржы орталығы» АҚ «RoadShow» форматында ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізу аясын түсіндіру мақсатында брифинг өтті.

«Білім беру саласындағы инвистициялар» тақырыбында өткен жиынды атқарылатын жұмыстардың бағыты бойынша егжей-тегжейлі баяндалды. «Қаржы орталығы» АҚ-тың ұйымдастыруымен Қостанай облысы Білім Басқармасы, Қоғамдық даму Басқармасы және «Атамекен» ӨКП, «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ алаңдарында «Road Show» форматындағы ақпараттық-түсіндіру акциясы шеңберінде білім беру саласындағы әлеуметтік жобалар бойынша іс-шаралар өткізу 28 ақпаннан 2 наурыз күніне дейін  жоспарланған. Брифинг барысында «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Арнай Мұхтарұлы Қостанай қаласының кәсіпкерлік қоғамдастығы үшін студенттік жатақханалар мен жеке мектептер салу жобаларына қатысудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері таныстырды. Сондай-ақ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (aqyl депозиті)және мемлекеттік білім беру кредиті бойынша кездесулер өткізу жоспарланғанын атап өтті.

«Тетіктің тұжырымдамасы мемлекет пен жекеменшік сектордың әріптестігіне негізделеді. Инвестор, оқу орны не кәсіпкер тұлғасындағы жеке құрылыс салушы өз қаражаты есебінен объектіні іске қосуды жүзеге асырады. Объекті сәтті пайдалануға енгізілген жағдайда мемлекет онда мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастырады. Осы жерде  үш маңызды параметрді атап өту қажет. Олар: орналастыру принципі, орналастыру мерзімі және  төлемдер мөлшері. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың басты талабы студенттің жатақханада тұруы болып табылады. Яғни мұнда жан басына шаққандағы қаржыландыру принципі жұмыс істейді. Мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен жаңа жатақханаларды енгізуді жүзеге асыратын барлық ұйымдарда орналастырылады. Жалпы осы мақсаттар үшін республикалық бюджетте  152 млрд.теңге көзделген және ең маңыздысы, бұл қаражат секвестрлеуге жатпайды. Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Жалғыз шарт 20 жылға объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты тіркеу болмақ»,-дейді ол.

Бүгінгі күнде орта білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі лық толы мемлекеттік мектептердің жүгін азайту, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру үшін күресте мектептер арасында сындарлы бәсекелестікті дамыту болып табылады. 2018 жылдан бастап жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мүмкіндігі заңды түрде бекітілді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінде жекеменшік мектептер үшін жан басына шаққандағы норматив айқындалды. Әдістемеге сәйкес жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері — мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖМБС) іске асыруға арналған операциялық шығыстар  және — жылына жаңадан енгізілген әрбір оқушы орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар компоненттен тұрады. Жаңадан іске қосылатын жекеменшік мектептер үшін ағымдағы жылға норматив орташа есеппен 532 мың теңгені құрайды. Құрылыс жағдайында — 96 АЕК (294 мың теңге),, реконструкция жасалған жағдайда -47 АЕК. (143мыңтеңге). Онымен қоса, инвестордың мектепте балаға жақсартылған жағдайларды ұсынғаны үшін ата-ана төлемақысын алуға құқығы бар.  

«Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Жалғыз шарт 20 жылға объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты тіркеу болмақ. Қаражат тартуға қатысты айта кетер жайт, қазіргі уақытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 9% мөлшерінде жатақханаларды да, жекеменшік мектептерді де салу және реконструкциялау бойынша банктік қарыздарды субсидиялау тетігі жұмыс істейді. Жобаларға қатысу үшін капиталыңыз немесе қарыз қаражатын тартуға мүмкіндіктеріңіз, сондай-ақ жер учаскеңіз болу қажет. Жер учаскеңіз болмаған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы, өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен бірлесіп, жобаға бастамашылық жасау, жобаның басқа қатысушыларымен консорциум құру арқылы ресурстарды біріктіру және  жергілікті атқарушы орган арқылы жер учаскесін заттай грант түрінде алу мүмкіндіктері қарастырылған»,- деп атап өтті «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Диас Джамбулов.

Қазақстанда 2013 жылдан бері мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, қысқартылған түрде МБЖЖ жұмыс істейді.МБЖЖ — бұл республикамыздың кез келген азаматы үшін өзіне немесе баланың атына білім беру жинақтау салымын ашу мүмкіндігі. Қазіргі уақытта білім беру депозитін ашуға болатын МБЖЖ-ға қатысушы банктер:

«Қазақстан Халық банкі» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 9%, «Jysan Bank» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 8.3%, «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ, сыйақы мөлшерлемесі – 8.8%, «Нұрбанк» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 9%. ЖОО-ға немесе колледжге ақылы негізде оқуға түскеннен кейін салымшы депозит ашылған банкке ЖОО-мен/колледжбен шартты ұсынады, банк оқу ақысын салымшының шотынан тікелей білім беру ұйымына аударады. Егер оқудың барлық мерзіміне ақы төлегеннен кейін депозитте қаражат қалса, салымшының оларды шығарып алуға құқығы бар. Қаржы орталығының айтуы бойынша 2022 жылдың басында тіркелген салымдардың жалпы саны 30 734 235 мың теңге сомасына 21 139 құраған. Осындай іс-шараларды «RoadShow» форматындағы ақпараттық-түсіндіру акциясы шеңберінде өткізу еліміздің барлық өңірлерінде жоспарланып отыр.