Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Чемпиондарға құрмет көрсетті

10 марта 2022 12:30 • 553 просмотров

Olimpbet-футболдан ел чемпионатының бірінші туры аясында «Тобыл» ФК Орал қаласының «Ақжайық» командасын қабылдап, осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Матчтан кейін өңір басшысы Архимед Мұхамбетов команданы және жанкүйерлерді еліміздің Суперкубогындағы жеңісімен салтанатты түрде құттықтады.

— Бұл біздің облыс үшін қуанышты оқиға. Екінші рет Суперкубокқа ие болып отырмыз. Сондай-ақ, биыл біздің команданы Еурокубоктағы матчтар күтіп тұр. «Тобыл» ФК-на жаңа футбол маусымында сәттілік және чемпион атағын қорғап қалуды тілеймін, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі сары-жасылдарды біріншіліктегі матчындағы жеңісімен құттықтады:

— Құрметті жанкүйерлер, қадірлі қостанайлықтар! Сіздерді ел спортындағы айтулы жүлде – Суперкубокпен шын жүректен құттықтаймын. Біздің «Тобыл» жеңіске деген жігерлігінің, ұйымшылдығының, бірлігінің арқасында екінші жыл қатарынан осы жүлдені иемденіп отыр. Бұл осы жылдағы соңғы трофей емес екеніне сенімдімін. Бұлардың бәрі біздің жанкүйерлеріміздің арқасы. Шынайы қолдау білдіріп келе жатқан жанкүйерлерге айтарым, біз, жергілікті атқарушы органдар, команданы биіктерге жеткізу үшін қолымыздан келгенін жасаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгінде балалар спортына айтарлықтай көңіл бөлінген. Облыста 7200-ден астам бала футбол үйірмесінде жаттығады. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Осы жылы команда алдында үлкен міндеттер тұр. Алда чемпионаттың қалған ойындары бар. Бүгін қиын қарсылас түсті. «Ақжайық» лайықты қарсылық таныта білді. Біздің команда үш күн бұрын ғана «Қайратпен» алаңға шыққан еді. Бұған қарамастан бүгін жеңіс біздің жақта болды. Бастысы үш ұпай қоржында. Барлығыңызды айтулы жетістікпен құттықтаймын! Алға, «Тобыл»! Алға, Қазақстан, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.