Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңір басшысы үздіктер қатарында

10 марта 2022 14:00 • 200 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы әкімдер рейтингінде 85% көрсеткішпен екінші сатыдан көрінді. Бұл туралы Тop press ақпараттық порталы жазады.

«Архимед Мұхамбетов – өңірдегі наразылық білдіруші жұртшылық алдында сенімді сөз сөйлеп, бұқараның көңіл-күйіне шынымен де әсер еткен аз адамдардың бірі. Еске сала кетейік, 5 қаңтарда облыс әкімдігінің жанындағы алаңда бірнеше жүздеген адам жиналып, өз талаптарын айтқан болатын. Наразылық білдірушілер алдына аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов шығып, шағымдарын тыңдап, барлық сұрақтарға жауап беруге уәде берді. 6 қаңтардың алғашқы сағаттарында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді, біраз уақыттан кейін әлеуметтік желілердегі пікірлер жағымды бола бастады», – деп бастайды рейтинг түзушілер Архимед Бегежанұлы туралы сараптаманы.

Мониторинг барысында сарапшылар облыс әкімінің «Қонай» шағын ауданындағы 30 тұрғын үй мен бір мектеп құрылысының аяқталғанын хабарлағаны жергілікті билік жұмысының жүйелі екеніне сендіре түскенін айтады. Сондай-ақ, 900 орындық 4 балабақша мен тағы бір мектеп салу жоспары да атап өтілген. 2500-ден астам көрермен сыятын жаңа көпфункциялы мұз кешенінің ашылуы да А. Мұхамбетовтің имиджіне оң әсерін тигізетіні сөз болады.

«БАҚ кеңістігінде де осындай жағдай. Жаңалықтарда А. Мұхамбетов туралы жағымды ақпараттың таралуы жиі кездестіреміз. Соның бірі 1,8 млрд теңге көлеміндегі бюджетте бос қалдықтың бір бөлігін қайта бөлу туралы жаңалық болды. Бұл қалдық 2021 жылғы облыстық бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау нәтижесінде қалыптасты. Олардың бір бөлігі энергетика және ТКШ басқармасына, ал 730 млн теңгеден астам қаражат Қостанайдағы «Батыс» электр станциясының құрылысын қаржыландыруға бағытталатыны хабарланды», – деп толықтырады портал.

Рейтингшілердің сөзіне сүйенсек, БАҚ тақырыптарында бірнеше рет көрініс тапқан тағы бір оңды мәлімет – инвестициялық жобаларды жоспарлау, соның арқасында өңір экономикасына шамамен 380 млрд теңге салынып, 1,7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылатыны туралы ақпарат. Атап айтқанда, автоқұрамдауыштар шығаратын екі зауыт салу туралы деректер.

Сондай-ақ, жүк автомобильдерінің жетекші көпірлері арқалықтарының болашақ өндірісін оқшаулауға бағытталған үшінші жобаны іске асыру жөнінде жүргізіліп жатқан келіссөздер әкім имиджін үстемелей түсетін фактор.

«Облыста вакцинация деңгейінің айтарлықтай жоғары көрсеткішке ие екенін де айтпай кетуге болмайды Толық вакцинациядан 330 мыңнан астам адам өткен. 90 мыңға жуық адам қайта екпе жасатқан», – деп түйіндейді сарапшылар.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттерді түсірген автор