Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жұматай КӘКІМЖАНОВ, «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары, Экономика ғылымдарының магистрі

14 марта 2022 13:11 • 729 просмотров

Жүйелі реформаны қолдауымыз керек

Қазіргі аумалы-төкпелі заманда ел тиыштығын сақтай отырып, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын күшейту – өзекті мәселеге айналғаны белгілі. Бұл үшін елдің бұған дейін ұстанған саяси-экономикалық бағытын қайта қарап, түрлі бағытта реформа жүргізу қажет. Осы ойды ұстанған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған Жолдауын жариялаған еді.
Мемлекет басшысы ҚР Парламенті платформасында Қазақстан халқына үндеу жолдап, елдің жаңа үкіметі мен мемлекеттік органдар жүзеге асыратын әлеуетті міндеттер мен жұмыс бағыттарын атап өтті. Президент мәлімдемесінде қоғамдағы барлық топтарға, яғни үкімет басындағылар мен қарапайым халыққа қатысты мәселелер түгел қамтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» үндеуінде алдағы уақытта назар аударылатын өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешуге міндетті жауапты үкімет мүшелері мен ведомостволарға нақты тапсырма берді. Әсіресе қоғамда белең алып жатқан келеңсіздіктерді айта келе, елімізде жүйелі түрде реформа жасау қажет екенін баса айтты. Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдарының жұмысына шұғыл түзету енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде үйлестірілген іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау жүйесін толық жаңғырту және қайта құрылымдау қажет. Сондай-ақ жаңа құрылған үкіметке елдің экономикасын, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты азайту мақсатында жаңа өндіріс орындарын ашу, мамандар даярлайтын білім беру жүйесін кәсіпорындардағы сұраныстармен үйлестіру, ауылдық жерлерде спорт кешендерін салу, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан, елдің көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу тапсырылды.
«Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелердің барлығы осы мәлімдемеде қамтылды.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жобаның халқымыздың тұтастығы мен бірлігін сақтау және еліміздің көркейіп, өркендеуі үшін жасалынып жатқаны белгілі. Ендеше, қоғамның барлық саласында жүргізілетін реформаларға ел болып қолдау көрсеткеніміз абзал.