Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін реформалауға бағытталған жаңа бастамаларды таныстырды. Мен үшін, ең алдымен, партиялық жүйеге арналған блок қызықты болды. Президент жаңа Қазақстанда көпполярлы партиялық жүйені қалыптастырмақ, сондықтан партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету қажет деп санайды.
Атап айтқанда, тіркеу шегін 4 есеге — 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз саны 1000-нан 700 адамға дейін үштен бірге қысқаруы тиіс. Сондай- ақ өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге-600-ден 200 адамға дейін азаюы тиіс.
Мемлекет басшысы өзінің партияға мүшелігіне жеке тоқталып, «Аманат» партиясының төрағасы қызметінен кететінін және партия мүшелігін тоқтататынын мәлімдеді. Президент әкімдер мен олардың орынбасарларына қатысты да партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу туралы осындай ұсыныс айтты. Бұл ретте, бұл нормалар заңнамалық түрде бекітілетін болады. Мұндай шаралар елдегі саяси бәсекелестікті арттырып, жаңа саяси партиялар құруды жандандыруы тиіс.