Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Президент Жолдауы қазақстандықтар үшін жаңа серпіліс берді

16 марта 2022 15:35 • 724 просмотров

Жолдау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәлелерді сарапқа салып, нақты міндеттер қойды. Ана мен бала қауіпсіздігі мәселесін де баса назарға алды. Өз сөзінде мемлекет басшысы қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларының жиілеп кеткенін жеткізді.

Осыны ескере отырып, бас прокуратураға жан-жақты зерделеп, оны шешуді тапсырды.
2021 жылдың қантар айынан бастап Қостанай өңірінде әйелдер мен балалар құқықтары аясында мәселелерді шешетін «Гендрлік орталық» қызмет етеді. Бұл орталық маңында өңіріміздің белсенді әйелдер қауымы күш біріктірген. Осы күнге дейін қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдап, орталық жиырмаға жуық әйелге көмек көрсетті. Əйелдерге зорлық көрсетуге қарсы күрес жөнінде біраз істер атқарылды. Егер бұрында бұл мəселемен тек ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар айналысатын болса, ілгері келе бұл мәселе республикалық деңгейде қарастырылады. Бұған мысал – əйелдер ұйымдастырған екі республикалық конференциядағы ҚР Президентінің сөзі. Президент өз сөзінде əйелдерге зорлық көрсетушілік пен күресу жөнінде ашық айтты. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік органдармен бірге əйелдерге зорлық көрсетушілерге қарсы жұмыс істеп келе жатыр.Соңғы кездері əйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметтерінде маңызды өзгерістер болды. Бастапқы кезде барлық ұйымдар бала жəне əйелді əлеуметтік жағынан қорғау, көп балалы жəне жалғыз басты аналардың, мүгедек аналардың құқықтарын қорғаумен қатар психологиялық жəне заңдық көмек көрсетеуді қамтамасыз етумен айналысса, ал қазіргі таңда олардың қызметі əйелдердің саяси белсенділігінің денгейін көтеруге, саяси процестегі сұрақтарды шешуде олардың теңқұқылы қатысуына, саяси қатынастарда əйелдердің теңқұқылы субъект болуына бағытталған. Гендерлік саясаттың енгізілуі, əйелдер мүддесін ескере отырып Қазақстандағы саяси процестерді тұрақтандыру, əйелдерді дискриминациялауды жоюға бағытталған заң қабылдау жəне өкілетті органдарда əйелдердің санын көбейту болашақта əлеуметтік саяси келеңсіздіктердің алдын алады.Жыныстық дискриминациямен күрес- мемлекеттік гендерлік саясаттың ең маңызды алғы шарты. Қазіргі таңда Қазақстан – гендерлік институттың дамуы жөнінде жəне дискримина- цияны жою мəселесі бойынша бірден-бір алда келе жатқан мемлекет.

Тюлюбаева Гульбарам Жумагалеевна
«Гендрлік орталық» ҚБ жетекшісі